БҚО-ДА 112 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛЫП, 1500-ДЕН АСТАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Облыста 2021 жылы 1500-ден астам жұмыс орнын құра отырып, жалпы құны 50 млрд. теңгеге 112 түрлі жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл туралы бүгін, 25 мамыр күні БҚО әкімі Ғали Есқалиев ҚР орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беруі кезінде мәлім етті.
БҚО мұнай-газ саласындағы инвестицияларға өте тәуелді. Мұндай тәуелділікті болдырмау үшін облыс орталығы маңында 281 гектар аумақтағы индустриалды аймақтың құрылысы басталды. Облыс басшысы алғашқы инвестор, Нидерландымен бірлескен кәсіпорын екенін хабарлады. Олар болашақта жалпы аумағы 56 гектарды құрайтын заманауи өндірістік жылыжайлардың құрылысын бастаған. Сондай-ақ Мемлекет басшысының жоғары қосылған газды қайта өңдеуді дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің қатысуымен терең мұнай өңдеу зауытының құрылысы жалғасуда және сұйық метанол өндірісінің құрылысын бастау жоспарлануда.
– Сондай-ақ заманауи құю өндірісі, керамикалық қаптайтын кірпіштер өндірісі, керамзит қиыршық тасын өндіру, «Сырым» көлік-логистикалық кешені, жұмыртқа өндіруге арналған құс фабрикасы, жарықдиодты прожекторлар өндірісі, агроөнеркәсіптік кешеннің құрылысы, – деп жоспарланған инвестициялық жобалар туралы атап өтті облыс басшысы.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу