БҚО-ҒА 14 МЫҢ ДОЗА КӨЛЕМІНДЕ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА КЕЛДІ
БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибековтың мәліметінше, бүгінге дейін 10095 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған.
– Осы уақытқа дейін облысымызға вакцинаның 20 300 дозасы келіп түсті, оның ішінде 10 150 доза – I компонент, 10 150 доза – II компонент. Бүгінгі таңда І компоненттің жалпы 10 150 дозасының 99,4 % егілді, бұл 10 095 адам. Күні кеше 14 000 доза көлемінде жаңа партия келіп түсті. Бұл І компонент үшін. Вакцинация кезеңділікпен және кесте бойынша жүргізілуде. Қазіргі кезде, қаулыға сәйкес, бірінші кезекте, халықтың коронавирусты инфекцияға шалдығу қаупі жоғары болып табылатын деңгейлері вакцинациялануда. Әр кезең толығымен қамтылған сайын иммундауға жататын халықтың қалған бөлігін одан әрі вакцинацияланатын болады, – деді Арман Қалибеков.
Облыс бойынша 30 медициналық ұйымда екпе кабинеті жұмыс жасайды. Екпе алуға жазылу үшін тіркелген емханаға хабарласу қажет. Әр емханада вакцинация жөнінде ақпарат бұрышы ұйымдастырылған және жауапты мамандар бекітілді.
Айта кетейік, облыста 1 ақпаннан бастап COVID-19 қарсы вакцинация басталды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу