8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Мамыр 2019 1698 0
Қоғам

Б.ҚАРАТАЕВА: «КӨРЕРМЕННІҢ ЫҚЫЛАСЫН СЕЗІНДІМ»

20 мамыр күні Орал қаласындағы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Тасқала аудандық халық театры жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мира Шүйіншәлиеваның «Ар азабы» драмасын сахналады. Мағжан Жұмағалиевтың режиссерлығымен сахнаға шығарылған туындыда Балнұр Қаратаева басты кейіпкер Ғаділбектің анасы Науаттың рөлін сомдады. 

– Қазір ауданымыздағы балалар саз мектебінде баян аспабынан сабақ беремін. Осыдан екі жыл бұрын Мәдениет үйінде жұмыс жасаған кезде алғаш рет қойылымға қатысып, Бопайдың рөлімен шыққан едім. Одан кейін «Люстрада» ананың рөлі берілді. Жасым  30-дан енді асып барады. Әйтсе де үнемі 60, 70 жасты алқымдаған аналардың рөлі бұйырады. Көбіне дауысың келеді деп аналардың рөлін ұсынады. «Ар азабында» 40 жыл мұғалім болып, бала оқытқан, екі баланы бір өзі жеткізген жесір әйелдің  образын сахнаға алып шықтым. Ұзақ дайындықтан, сүзгіден өтіп шығарылған туынды ғой. Сондықтан да халыққа өтімді болды деп ойлаймын. Залдағы көрерменнің алақандарын қыздырып соққанынан осы ықыласты  сезіндім.

Жазып алған: Е.АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
49 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
104 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
78 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»