«Ауыл» партиясы Конституциялық реформаны еліміздің даму бағытын айқындайтын тарихи қадам деп бағалады
3 ақпан 2026 жыл, Астана қаласы. Бүгін елордада «Ауыл» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында партия мүшелері, Парламент депутаттары мен қоғам белсенділері ҚР Конституциясының жаңа жобасын талқылап, еліміздің саяси жаңғыру жолындағы тарихи қадам ретінде бірауыздан қолдау білдірді.Жиынды ашқан партия Төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Серік Егізбаев баяндама жасады. Ол жаңа Конституцияны ел дамуының жаңа философиясы және «Әділетті Қазақстанның» құқықтық іргетасы деп атады.«Бұл құжат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған саяси реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтайдың құрылуы партиялық жүйені жандандырып, ауыл еңбеккерлерінің мүддесін жаңа деңгейде қорғауға жол ашады. Біз үшін басты байлық – табиғи ресурс емес, білімді, адал әрі бәсекеге қабілетті азамат», – деп атап өтті С. Егізбаев.Отырыс барысында күн тәртібіне сәйкес саяси реформаның негізгі бағыттары бойынша жарыссөздер жүргізіліп, спикерлер өз тұжырымдарын ортаға салды.Парламент Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев 145 депутаттан тұратын Құрылтайдың тарихи маңызына тоқталды. Оның айтуынша, бір палаталы модель бюрократиялық кедергілерді жойып, билік тетіктерінің ашықтығы мен тиімділігін арттырады.Партия ардагері Мынаутаубиік Әнесов Ата заңда тарихи-мәдени мұраны сақтау мен «Дін мемлекеттен бөлек» қағидатының нақтылануын жоғары бағалады. «Бұл нормалар ұлттық құндылықтарды қорғаудың құқықтық кепілі болмақ»,-деді ол өз сөзінде.Түркістан облыстық филиалының өкілі, облыстық мәслихат депутаты Нұржан Әжіметов пропорционалды сайлау жүйесі партиялық жауапкершілікті арттыратынын, ал вице-президент лауазымы мемлекеттік басқарудың сабақтастығын қамтамасыз ететінін жеткізді.Саяси кеңес мүшесі, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаты Ольга Клишина заң шығару бастамасына ие болатын Халық кеңесінің рөлін ерекше атады. Ол бұл институтты билік пен қоғам арасындағы, әсіресе ауыл тұрғындары үшін тиімді «алтын көпір» деп сипаттады.Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Садық Мұстафа реформаның халықтық сипатына тоқталды. Ол Президенттің Конституциялық реформаны жалпыхалықтық референдум арқылы жүзеге асыру туралы бастамасын демократияның ең жоғарғы көрінісі деп атады. «Конституцияның жаңа редакциясында биліктің бірден-бір бастауы халық екені нақты бекітіледі. Референдум арқылы әрбір азамат мемлекет тағдырына тікелей ықпал ететін белсенді қатысушыға айналады. Бұл – билік пен халық арасындағы сенімді нығайтатын әділетті жол», – деді ол.Қостанай облыстық филиалының өкілі, облыстық мәслихат депутаты Динара Ахметова әйелдер мен жастарға арналған 30 пайыздық квотаның сақталуының маңыздылығын атап өтіп, мұны ауыл лидерлері үшін нақты «әлеуметтік лифт» деп бағалады.Жиын соңында «Ауыл» партиясы Саяси кеңесінің мүшелері Қазақстан халқы мен партияластарға ұсынылған Конституция жобасын мұқият зерделеуге, оны жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жандандыруға және шындыққа жанаспайтын арандатушылық жарияланымдардың жетегінде кетпеуге шақыратын Үндеу қабылдады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Әскери топограф күні: мамандар 3D-модельдеуді енгізіп, цифрлық ұрыс алаңын қалыптастыруда
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады

Кіру