8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Наурыз 2019 12878 0
Қоғам

АСТАНАДА ЖАҢА МЕШІТ САЛЫНАДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың жаңамешітінің құрылыс орнында іргетасын қалау рәсіміне қатысты. ЭКСПО аумағында орналастын жаңа мешіт салуға жеке демеушілер мен бизнес қауымдастықтар ат салысатын болады, деп хабарлады BAQ.KZ. 

Елбасы бұл жобаны өзі басынан соңына дейін жеке қадағалайтынын, Наурыз мерекесі алдында ырымдап қолға алып жатқанын жеткізді.

«Біз бұрынғы және қазір салынған барлық қолданыстағы мешіттерді зерттеп, қарап шығып, ең үздік жобаларды таңдадық. Бұл жобаны өзім қарап шықтым. Құрылысты басынан аяғына дейін қадағалаймын», – деп атап өтті Мемлекет Басшысы.

Орта Азиядағы ең үлкен мешіт болады деп күтіліп отырған ғибадатхана 9,4 гектар жерге салынады және 57 мың шаршы метр аумақты алмақ.

«Сонымен қатар, бұл жай ғана діни нысан емес, ол Астананың туристік нысандарының бірі болады. Мен БАӘ-гі шейх Заидтің алтын мешітін көрдім. Ол осыдан 3-4 жыл бұрын ашылғанына қарамастан, жыл сайын оған алты миллион турист келеді екен», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мұнаралары 130 метр биіктікке шаншылса, бас күмбезінің биіктігі 88,2 метрді құрайтын болады.

Ер адамдардың намаз аумағы 15 000 адамды қамтыса, әйел адамдардың бөлмесі 3000 орынға шақталған.

«Астана – 2020» қорының атқарушы директоры Нұржан Мыңжасаровтың айтуынша, жаңа мешіт Орталық Азиядағы ең ірі мешіт болады.

«Бұл мешіт өз өлшемдерімен бірегей. Орталық Азиямен ТМД елдерінің ірі мешіті болады. Сондай-ақ әлемнің алғашқы ондығына кіреді. Жалпы ауданы 57 мың шаршы метр, негізгі залы – 15 мың шаршы метр. Жалпы сыйымдылығы 30 мың адам болады. 3000 шаршы метр әйелдер намаз залы. Мұнараның биіктігі 130 метр, орталық күмбездің биіктігі 88 метр» – дейді ол. 

Н.Мыңжасаров жаңа мешіттің құрылысын 24 айда аяқтау жоспарланып отырғанын айтты.

Ал құлшылық орнынан басқа бөлмелелері 12 000 адамды сиғызатын болады.

Бауыржан ЖУАСБАЕВТЫҢ суреттері

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
32 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
33 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
34 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
36 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
94 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
71 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»