«ASHYQ» ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛАДЫ
13 сәуір күні БҚО әкімінің төрағалығымен өткен коронавирустың таралуының алдын алу жөніндегі өңірлік жедел штаб отырысында «Ashyq» мобильді қосымшасы жүзеге асыру туралы айтылды. Бұл «қызыл» аймақтардағы кәсіпкерлік субьектілерінің жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді.
БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Мақсотовтың мәліметінше, бұл мобильді қосымша 14-ші сәуірден бастап жүзеге асады деп жоспарланып отыр.
– Тұрғындар смартфонына «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеп, үйін, телефон нөмірін, тұрғылықты мекенжайын тіркейді. Кейін СПА-орталықтарына, бассейндер мен боулинг алаңдарына кірер кезде оның QR-кодын тереді. Сол кезде аталмыш орталықтағы қызметкердің не келушілердің індет жұқтарғанын не жұқтырмағанын, не КВИ-мен ауырған адаммен қарым-қатынаста болғанын білуге болады. Мекеме қызметкерлері де келушінің ЖСН-ін тексеру арқылы індет жұқтырғанын анықтай алады. Қосымшада тұрғындардың тапсырған ПТР талдаманың қорытындысы да сақталады, – деді БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Мақсотов.
Айта кеткен жөн бұл жоба бойынша облыстағы 700-ден аса кәсіпкерлік субьектісі жұмысын үздіксіз жалғастырға мүмкіндік алады. Бүгіннің өзінде 25 компаниядан өтініш түскен. Олардың дені СПА-орталықтары мен кинотеатрлар және боулинг клубтары болып отыр. Қосымша сәтті жүзеге асқан жағдайда індет таралу көрсеткіші «қызыл» аймақтар тізімне енгеніне қарамастан, бұл нысандар жұмысын жалғастыра бермек.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу