А.СЕЙТМҰХАНОВА: «МАЙЖАННЫҢ РӨЛІН СҰРАП АЛДЫМ»
20 мамыр күні Орал қаласындағы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Тасқала аудандық халық театры жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мира Шүйіншәлиеваның «Ар азабы» драмасын сахналады. Мағжан Жұмағалиевтың режиссерлығымен сахнаға шығарылған туындыда Айнагүл Сейтмұханова Майжанның рөлін сомдады.

– Қаныш Сәтбаев мектебінде бастауыш сыныптар бойынша тәрбие ісінің меңгерушісімін. Осыдан он шақты жыл бұрын Мәдениет үйінде бірер жылдай еңбек еткенмін. Кейін ұстаздық қызметке ауысқаныммен, өнерден қол үзбей келемін. Кәсіби әртіс болмасақ та, қойылымдарда ойнап жүрміз. Сахна – менің жан қалауым. Мектепте драма үйірмесін жүргізіп, шәкірттерімді де баулып отырамын.
Режиссеріміз қойылыммен алдын ала таныстырған кезде маған Ғаділбектің анасының рөлін берген еді. Бірақ, мен Ботаның шешесі Майжанның рөлін сұрап алдым. Бұл рөлді режиссер басқаларға ұсынған екен. «Айнагүл апа, ешкім сомдағысы келмейді бұл образды. Үйде өсіп келе жатқан қызыңыз бар, мұғалім бола тұра шынымен Майжанды ойнауға қызығып тұрсыз ба?» деп қайталап сұрады. Мен «Өмірім бір бөлек, сахна бөлек әлем. Екеуін бір-бірімен салыстырмаймын, араластырмаймын» деп жауап бердім. Рөлді сомдау кезінде сәл-пәл қиындықтар болды. Өйткені, менің табиғатыма келмейді екен. Мен өмірде салмақты әр нәрсеге сабырмен қараймын. Ал Майжан – кербез, ақшадан басқаны ойламайтын байдың әйелі. Дегенмен, образды сәтті алып шықтым деп ойлаймын. Әсіресе, қойылымның соңғы сәті көрермендерге ерекше әсер берген секілді.
Жазып алған Е.АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу