8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Маусым 2019 1843 0
Дені сау ұлт

АҚ ХАЛАТТЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Маусым айының үшінші жексенбісі –  медицина қызметкерлерінің мерекесі. Осыған орай бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев  Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өткен марапаттау рәсімінде бірқатар сала мамандарына ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен облыс әкімдігінің, медицина қызметкерлері кәсіподағы орталық кеңесінің мақтау қағаздары мен «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі»,  «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілері мен «Еңбек ардагері» белгісін тапсырды.

Кәсіби мереке қарсаңындағы бүгінгі марапатқа тек өз ісін жетік меңгерген мамандар мен денсаулық саласына елеулі  еңбек сіңірген жандар лайық деп табылды.  Олардың басты мақсаты – адам денсаулығына қызмет ету және Гиппократ антына адал болу.

– Азаматтардың рухани дүниесі мен денінің саулығы мемлекеттің басымдық беріп отырған маңызды міндеттерінің бірі. Дені сау ұлттың – келешегі кемел. Адамзат үшін керекті екі мамандық иесі бар, соның бірі – дәрігер. Денсаулықтан артық байлық жоқ. Облыс тұрғындарының денсаулығын сақтаудағы адал еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Кез келген мемлекеттің басты қазынасы – адам. Ал адам байлығы – оның денсаулығы. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесінің басты мақсаты – сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсету. Облысымызда медицина саласында оң нәтиже бар. Тұрғындардың денсаулығы жақсарып, бала туу көрсеткіші артып келеді. Өткен жылды қорытындылаған рейтинг бойынша біздің облыстың көш бастағаны бұл сөзіме дәлел. Ардақты ақ халатты абзал жандар Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев халықтың денсаулығын сақтау мәселесі өзінің жеке бақылауында екенін атап өткен болатын. Медицина саласына мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетілді және игілікті іс жалғасын табады, – деді салтанатты шарада сала мамандарын құттықтаған өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы.

Мерекелік шарада «Еңбек ардагері» белгісімен марапатталған тәжірибелі дәрігер Марат Ақашаевтың еңбек өтілі 62 жылды құрайды.  – Жасым –82-де. 62 жылдың алғашқы 23 жылында Ақжайық ауданында, «Ақжайық» шипажайында бас дәрігер қызметін атқардым. Мамандығым бойынша терапевт-кардиологпын. 1985 жылы «Ақжайық» шипажайының алғашқы директоры болдым, осы жерден зейнетке шықтым.  Зейнетке шыққаннан кейін де шақыртумен  20 жыл осы шипажайда директордың емдеу жұмыстары бойынша орынбасары  міндетін атқардым. 2017 жылы 80-ге толған шағымда жұмыстан біржола қол үздім. Бірақ «Мұз айдыны» сарайына спорт дәрігері болуға ұсыныс жасап, қазір спортқа тартылған балалардың денсаулығына жауаптымын. Ел үшін атқарған еңбегім дер уақытында еленіп келеді, марапаттарым жетерлік, – дейді Марат Сәрсенғалиұлы.

Мерекелік шара соңы жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына жалғасты.

 

 

  

 

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»