8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Тамыз 2018 2228 0
Қалалықтар қаперіне

Жол құрылысы 75 пайызға орындалды

БҚО әкімі Алтай Көлгінов 14 тамыз күні М.Мәметова көшесінде жүргізіліп жатқан автокөлік жолын күрделі жөндеу жұмысымен танысты.

Құны 581,7 млн. теңге болатын жобаны «ҚПО б.в» компаниясы қаржыландыруда. Жол құрылысы жұмыстарын «Nursat» ЖШС жүргізуде. Жөндеу сәуір айында басталған. Жолдың ені бұрынғысынан 2,5 метрге ұзартылыпты. Асфальт қалыңдығы ­­­– 11 см. Жоба бойынша қарашаның 30-ына дейін аяқтау көзделген. Дегенмен, учаске басшысы Бақтияр Қарабасов жауын-шашынға қалмай, құрылыс жұмыстарын қыркүйектің соңына дейін толық аяқтауды мақсат етіп отырғанын айтты.

Сондай-ақ өңір басшысына қаланың басқа аумақтарында жүргізіліп жатқан жол құрылысы жұмыстары туралы баяндалды. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Мұхамбетқалиев мәлімдегендей, биыл қалада 37 нысан бойынша 50 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Ол үшін 7,5 млрд. теңге бөлінген болатын. Бүгінде жоспарланған жол құрылысының 75 пайызы орындалған. 11 нысанның жұмысы тәмамдалып, комиссия қабылдауынан өткен. 20 шақты нысанның жұмыстары 70 пайызға аяқталған. Алты нысан бойынша конкурстық жұмыстар биыл жүргізілген. Оларды аяқтау келер жылдың еншісінде.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
268 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
296 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
273 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
310 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»