СОТ ҮКІМІ: 33 ЖАСАР АЗАМАТ 10 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттында 33 жасар Иван Жердецкийге қатысты үкім шықты.

Биылғы жылдың сәуір айында Гагарина көшесі бойындағы иесіз үйлердің бірінде сотталушы Жердецкий достары Уәлиев және Гончарукпен бірге бір бөтелкені бөліседі. Басқосу соңы жанжалға ұласып, Уәлиев пен Жердецкий жұдырықтасады. Артынша айыпталушы Жердецкидің ауыр соққысынан жәбірленуші Уәлиев оқиға орнында жан тапсырған. Гончарук полицияға қоңырау шалып, қылмыстың куәгері атанады. Сот қылмыскер Жердецкийді айыпты деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Судья Ермахановтың айтуынша, жазықты жазасын 10 жыл қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейтін болады.
– Иван Петрович Жердецкий ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылсын. Ол жазасын қауіпсіздік барынша жоғары Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Сонымен қатар күдіктіге алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды. Уәлиев жәбірленуші тарапқа 1 млн. теңге моральдық өтемақы төлейтін болады,– деді.
Айнұр Төлеуғалиқызы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Свыше 1900 ИИ-фильмов из более чем 90 стран поступило на Astana AI Film Festival
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

Кіру
Пікір үстеу