8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Шілде 2019 1674 0
Қоғам

БҚО-да 1545 ұжымдық шарт тіркелді

Батыс Қазақстан облысы бойынша қызмет атақаратын шаруашылық субъектілерінң 25 пайызы қызметкерлерімен ұжымдық шарт жасаған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәлихатында «Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Амангелді Таспихов  мәлемдеді. 

Кәсіподақ орталығы жұмы­сының тиімділігін арттырудың жолдарының бірі – әлеуметтік әріптестік. Осы бағытта кәсіподақ орталығы облыс әкімдігі, қызметкерлердің облыстық бірлестіктері мен өңірлік жұмыс берушілердің бірлестіктері арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған аймақтық үш жақты келісім аясында Еңбек инспекциясымен бірге жұмыстануда.

– Кәсіподақтың назар аударатын мәселелерінің бірі – ұжымдық шарттар. Қазіргі таңда өңірімізде бастауыш кәсіподақ ұйымдары бар еңбек ұжымдарының барлығында ұжымдық шарттар бар. Әдетте жалақыны кешіктіру, қызметкерлердің құқығын бұзу, олардың арыз-шағымдарын елемеу сияқты әлеуметтік шиеленістер кәсіподақ ұйымдары жоқ еңбек ұжымдарында туындайды. Батыс Қазақстан облысы бойынша еңбек инспекциясының мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда өңірімізде барлық тіркелген ұжымдық шарттар саны – 1545 немесе қызмет атқаратын шаруашылық субъектілері санынан 25%, ұжымдық шарттармен 130 мың адамнан астам қамтылған, немесе барлық қызметкерлердің 55,6 пайызын құрайды, – деді Амангелді Сатыбалдыұлы.

Облыс кәсіподақтары ұжымдық шарттардың санын арттыру бағытындағы жұмыстармен қатар, аталған құжаттың сапасын жақсарту, оларға әлеуметтік бағыт беру, жұмысшы кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау сұрақтарына, сонымен қоса тараптардың ұжымдық шарт бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды қамтамасыз етуге ерекше назар аударуда.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
23 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
136 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
193 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
257 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
289 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
333 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»