БҚО-ДАҒЫ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ 75 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ
«Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Амангелді Таспихов өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәлихатында ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Алдымен төрағакәсіподақ ұйымдарының ұйымдық сапалық құрылымын, қатарын нығайту, олардың белсенділігін арттыру мәселесі туралы айтып өтті. Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы облыстағы ірі салалық, жергілікті, аудандық кәсіподақ комитеттері мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарын біріктіріп отыр. Облыс көлеміндегі көптеген қызметкерлерді біріктірген кәсіподақтардың аясы да жылдан жылға кеңейіп келеді. Атап айтсақ соңғы бір жылда «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы және «Ынтымақ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің кәсіподағы құрылды, сонымен қатар 59 бастауыш кәсіподақ ұйымдары жаңадан құрылды, кәсіподақ мүшелері 10755 мүшеге өсті. Кәсіподақтар орталығы ҚР-сы «Кәсіптік одақтар туралы» Заңымен бірге басқа да нормативтік-құқықтық заңдарды басшылыққа ала отырып, өз жұмысын облысымызда қызмет атқарып отырған салалық, жергілікті және бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе жүргізіп келеді. Өңіріміз бойынша 75 мыңға жуық адамның ерік-жігері мен күш-қайратын бір арнаға тоғыстырып, ортақ мүддеге жұмылдырып келе жатқан облыстық кәсіподақ орталығындағы 15 салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының құрамында 1000-ға жуық бастауыш кәсіподақ ұйымы тұрақты түрде жұмыс жасап келеді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Свыше 1900 ИИ-фильмов из более чем 90 стран поступило на Astana AI Film Festival
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

Кіру
Пікір үстеу