8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Шілде 2019 1903 0
Өзек

МАЛ ҰРЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ

Батыс Қазақстан облысы аумағында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Ұрлық оқиғалары Бәйтерек, Бөрлі, Тасқала аудандарында болған. Қылмыстық топ облыстық Полиция департаментінің жедел бөлімшелері мен Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің бірлескен жедел-іздестіру шаралары кезінде анықталды.

 

Ұрлықшылар 13 бас малды ұрлаған. Оның сегізі қой, үшеуі – ірі қара, екеуі – жылқы. Ұсталған азаматтар Бәйтерек, Бөрлі, Ақжайық аудандарының тұрғындары болып шықты. Қазіргі уақытта Қылмыстық Кодекстің 188-бабы (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің күшімен облыстың үш тұрғынынан құралған қылмыстық топтың жолы кесілді. Олар Жаңақала және Бөкейорда аудандары аумағында 13 мал ұрлығы фактісін жасаған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталуға тәмам.

Айта кету керек, биылғы жылы арнаулы және жедел іздестіру шаралары кезінде облыс аумағында мал ұрлығын жасағаны үшін 87 адам мен 13 қылмыстық топ құрықталды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
40 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
141 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
195 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
259 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
291 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
336 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»