8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Шілде 2019 2448 0
Қоғам

АРЫСТЫҢ БАЛАЛАРЫ ОРАЛҒА КЕЛДІ

Арыстан келген 50 бала Орал қаласындағы «Дарын» қосымша білім орталығында демалатын болады.


Бүгін таңғы 4.00 шамасында оралдықтар арыстық балғындарды «Орал» вокзалынан қарсы алды. «Дарын» қосымша білім беру орталығының директоры Гүлсім Ғабдулғазизқызы балаларға қош келдіңіз айтты. «Үш тұғырлы тіл» жазғы мәдени-танымдық ауысымына Арыс қаласының 2-11сынып оқушыларымен бірге (50 оқушы) және Самар облысының «Ақ жол» аймақтық қазақ ұлттық-мәдени автаномиясы қоғамдық ұйымының оқушылары (2-10 сынып) және облысымыздың жалпы орта білім беретін мектептердің 4-10 сынып оқушылары қатысады.

Арыстан келген балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға «Жайық Мұнай Газ» ЖШС директоры Ж.Жаркеев, «Ақжайық» футбол клубының директоры А.Шайхы, «РИАМИР» ЖШС директоры С.Чудненко, «Kinoplexx West» ЖШС бас директоры М.Идельбаев, «Орал Завод Зенит» АҚ бас директоры В.Валиев, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Ғ.Қапақов сынды азаматтар мен Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы демеушілік көрсетіп отыр.

Айта кету керек, «Үш тұғырлы тіл» қазақ, орыс, ағылшын тілдері бейіні бойынша жазғы мәдени-танымдық ауысымы 2019 жылдың 10 – 19 шілде аралығында 2-10 сынып оқушыларына 10 күнге арналған бағдарлама бойынша өткізіледі. Бағдарламада үштілділікті меңгеруге байланысты танымдық сабақтар, тренингтер, жіптік курстар, мәдени-танымдық шаралар, спорттық ойындар, Оқушылар және жастар сарайындағы жүзу бассейніне шомылу, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына қарасты Е.Пугачев атындағы мұражай үйі және А.Пушкин мұражай-үйі, «Рухани жаңғыру» мұражайы, М.Маметова атындағы облыстық тарихи-мемориалдық мұражайының тақырыптық залдарына экскурсия, «Жайық» қалашығына, Достық үйіне және Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасына, «Robofest» тақырыбындағы облыстық ақпараттандыру орталығының мамандарымен шеберлік сыныптары, «Орал» ойын – сауық орталығындағы «Kinoplexx West» кинотеатрына және «Funky Town» ойын-сауық орталығына, Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағының «Джуманджи» бөліміне, облыстық экологиялық-биологиялық орталығына (зоопарк), «Ақжайық» футбол клубына, Мәдени ағарту бірлестігінің ұйымдастыруымен мерекелік концертті тамашалау, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының музейі, Островский атындағы драма театрына қойылым тамашалау, Қадыр орталығында концерт тамашалау, «Орал Зенит» зауытына экскурсия, түнгі қалаға саяхаттар жоспарланған.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»