8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Мамыр 2019 1702 0
Қоғам

ТЕГІН ДҮКЕН АШЫЛДЫ

 

Атырау қаласында кәсіпкер мұқтаж жандарға көмек көрсету орталығын ашты.

Мұнда халықтың әлеуметтік осал тобы киім-кешек пен азық-түлікке тегін қол жеткізе алады. Көмек алу үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын және балалардың туу туралы куәлігі, ал мүгедек болған жағдайда – растайтын құжаттары және мекенжай анықтамасын ала келуі қажет.

«Осы жобаны интернет арқылы көрдім. Кеше құжаттарымды алып келдім. Осындай қайырымдылық заттардың көбірек болғанын армандаймын. Өзім алты баланың анасымын. Мектепте жұмыс жасаймын.Қазір де біраз көмек алдым,балаларыма киім алдым.Ораза айында қолдау көрсетіп жатқан жандарға ризамын»,- дейді көпбалалы ана Айгүл Сүлейменова. 

Жобаның негізін қалаушы Ақылбек Мұқанов есімді азамат. Оған мұндай идея ойға ертеректе келгенімен, қаржының жетіспеушілігі себепті іске асыру қиынға соққан.

«Күніне шамамен 3-5 адамға сауда жасаймыз. Себебі көп қабылдауға бізде мұрша жоқ.Қаржы жағынан он адамның жалақысынан белгілі бір мөлшерде бөліп тұрамыз. Алайда, ол жетпей жатады. Демеуші болам деген, я болмаса, қаржылық көмек көрсетем дейтін адамдар болса, есігіміз ашық»,-дейді бастаманы жүзеге асырушы Ақылбек Мұқанов.

 

BAQ.KZ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
247 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
279 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
255 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
293 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»