Жеке мүлкіңе мұқият бол
Соңғы кездері көпшілік орындарда белең алған бөтеннің мүлкі ұрлығының алдын алу мақсатында қаладағы жалпы білім беретін орта мектептерде тәрбие сағаттары мен тренингтер өткізілуде. Себебі, жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің уақ-түйек ақшасын, ұялы телефондарын ұрлатып алып, келеңсіз жағдайларға душар болатыны жасырын емес. Жуықта, қаладағы №17-орта мектепте «Жеке мүлкіңе мұқият бол» тақырыбымен сынып сағаты өтті.

Сынып сағатына Орал қ.ПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналды топтың аға инспекторы полиция майоры Мадина Құспанова, Абай Пб кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналды топтың инспекторы полиция аға лейтенанты Асылбек Ахметов және мектептің педагогикалық ұжымы қатысты. Мектеп инспекторы Асылбек Ахметов оқушылар алдында жасөспірімдер тарапынан құқық бұзушылықтарлың орын алмауын талап етіп, қоғамдық көліктер мен көпшілік мәдени демалыс орындарында жеке мүліктеріне мұқият болуларын, жалпы сақтық ережелерін түсіндірді. Жеке мүлік ұрлығының қолды болуы, ұсталған күдіктілердің заң алдында жауапталатыны жөнінде хабарлама жасады, заң баптарына тоқталып түсіндірді.
Сонымен қатар, оқушылардың сағына күтетін және асыр салып ойнайтын жазғы демалыс кезіндегі қала сыртындағы лагерьлер мен шатырлы лагерьлерге барғанда суға шомылу ережелерін естен шығармаулары тиістігін, ұрлық-қарлықтан сақтану, ақша мен әмиян, ұялы телефон мен құнды киімдеріне мұқият болулары керектігін де айтты. Жоғары сынып оқушыларына арнап дайындалған жадынамалар мен ұрлықтан сақтану қағидалары басылған парақшалар үлестірді.
Бұл жолғы сынып сағаты тек қана мектеп оқушыларына арналып ұйымдастырылған еді. Алдағы уақытта ата-аналармен бірлесіп тренингтер өткізу жоспарланды. Түптеп келгенде әр адам өз мүлкіне өзі жауапты болуы тиіс деген пікірге барлығы қосылды. Бөтеннің мүлкі ұрлығына жол бермеу шараларын бірлесіп атқаруға келісті.
Гүламан Исмағұлова,
Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу