29 Наурыз 2019 4041 0
Қалалықтар қаперінеАТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК

Нұр-Сұлтан әкімдігінің өкілдері елімізде 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмектің кімдерге және қалай көрсетілетінін айтып берді.
Айта кетейік, атаулы әлеуметтік көмек – аз қамтылған азаматтарға және табыстары төмен деңгейдегі отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем. Осы ретте әкімдіктегілер жиі қойылатын 10 сұрақтың жауабын ұсынады: 1. Атаулы әлеуметтік көмектің жаңартылған форматына өтініштерді қабылдау қашан басталады? Қай жерге жүгіну қажет? Жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініштерді қабылдау 2019 жылғы 1 сәуірден басталады. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына немесе халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Отбасы ауылдық жерде тұрса – кент, ауыл, ауылдық округтердің әкімдеріне жүгінеді. 2. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қаңдай құжаттар қажет? Өтініш беру және сәйкестендіру үшін тек жеке куәлікті ұсыну қажет. Басқа құжаттар қажет емес. 3. Жәрдемақыны толық мөлшерде алу үшін құжаттарды айдың басынан беру қажет пе? Жоқ, міндетті емес. Атаулы әлеуметтік көмек өтініш білдірген айдан бастап тағайындалады және өтініш берген күнге байланысты емес. Мысалы, егер сіз құжаттарды уәкілетті органға 20 сәуірде тапсырсаңыз, онда төлемді де толық көлемде бір ай үшін аласыз. 4. АӘК алу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеме болу қажет пе? Ия, қажет. АӘК тағайындау үшін тұрғылықты мекенжай бойынша тұрақты немесе уақытша прописка болу қажет. 5. Жәрдемақыны есептеген кезде бірге тұратын туыстардың барлық табысы есепке алынатыны рас па? Бұл норма қайта қарала ма? Атаулы әлеуметтік көмекті 2019 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындаған кезде отбасының бірге тұратын, ортақ шаруашылық жүргізетін барлық мүшелері есепке алынады. Алайда Министрлік «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңына отбасы құрамын нақтылау бөлігінде толықтырулар енгізуде. Осылайша, 2019 жылғы 1 сәуірден бастап отбасының құрамында тек жақын туыстар, яғни ата-ана, балалар, бала асырап алушылар, асырап алынған бала, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек бауырлар мен апа-қарындастар, ата, әже, немерелер есепке алынады. 6. Жәрдемақы алу үшін отбасының бір мүшесінде қандай табыс болуы тиіс? Және жәрдемақының мөлшері қандай? Егер отбасының бір адамға шаққандағы айлық табысы 20 789 теңгеден аспаса, отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Бұл ретте кәмелетке толмаған балаларға 20 789 теңге мөлшерінде, ал ересектерге отбасының жан басына шаққандағы табысы мен АӘК критерийлерінің мөлшері арасындағы айырма төленеді. Мысал ретінде екі ересек ата-ана мен алты кәмелет жасқа толмаған баладан тұратын отбасын алайық. Ай сайынғы табысы: 1) Әкесінің жалақысы – 150 000 теңге. құрайды; 2) Көпбалалы отбасыға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 10 504 теңге. 3) «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы анаға берілетін мемлекеттік жәрдемақы – 16 160 теңге. Отбасының ай сайынғы табысы – 176 664 теңге. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мен «Күміс алқа» жәрдемақысы алып тасталды. Отбасы мүшелерінің жан басына шаққандағы орташа табысы келесідей есептеледі: 150 000 теңге 8 адамға бөлінеді = 18 750 теңге. Тиісінше, отбасы АӘК көрсету талаптарына сәйкес келеді. Балаларға АӘК мөлшерін есептеу: 20 789 теңге*6 бала = 124 734 теңге. Ата-аналар үшін АӘК мөлшерін есептеу: 20 789 теңге -18 750 теңге. = 2 039 тг; 2 039*2 = 4 078 теңге. АӘК жиынтық мөлшері 124 734 теңге + 4 078 теңге = 128 812 теңге. Егер бұрын отбасы АӘК көрсету критерийіне сәйкес келмесе, онда 2019 жылғы 1 сәуірден бастап отбасы 128 812 тг. мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы. Осылайша, жаңа атаулы әлеуметтік көмекті ескере отырып, отбасының жалпы табысы: 176 664 теңге + 128 812 теңге = 305 476 теңге болады. 7. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есепке алына ма? Иә, отбасының жиынтық табысын анықтаған кезде жеке қосалқы шаруашылық ескеріледі. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына сәйкес есептеледі. Қағидаларда ел өңірлерінің климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеу нормалары айқындалған. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар жеке қосалқы шаруашылықты табыс көзіне жатпайды деп айқындай алады. Яғни, әкімдіктер өз қалауы бойынша жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты ескермеуге құқылы. 8. 1 сәуірден бастап отбасының жалпы табысын есептеу кезінде қандай табыс алынып тасталады? АӘК тағайындау үшін отбасының жиынтық табысын есептеген кезде мыналар есепке алынбайды: 1. 4 және одан да көп баласы бар көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы; 2. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы; 3. баланың мүгедектігі бойынша жәрдемақы; 4. студенттердің шәкіртақысы; 5. жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын біржолғы төлемдер. 9. Көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша тағы қандай шаралар бар? Олар бойынша толық және дұрыс ақпаратты қайдан алуға болады? «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайын 16 160 теңге (6,4 АЕК) мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Бүгінде 235 мың ана осындай құрметті атаққа ие. Сондай-ақ, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар: – көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын; – тұрғылықты мекенжайын тіркеу, паспорт және жеке куәлік алу кезінде жасалатын нотариаттық және заң тұрғысынан маңызды әрекеттер үшін мемлекеттік баж салығын және тағы басқа төлемдерден босатылады. Сонымен қатар, 5 және одан да көп бала туып, оларды 8 жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған аналар 53 жасында зейнетке шығуға құқылы. Бұдан басқа, Министрлік азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып, әлеуметтік көмек пен қызметтердің бірыңғай пакетін әзірледі, оны АӘК алушыларға жергілікті атқарушы органдар көрсетеді. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және басқа да жеңілдіктер мен жәрдемақылар туралы толық ақпаратты жұмыспен қамту орталықтарынан, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларынан, ауылдық әкімдіктерден, сондай-ақ, 111 call-орталығы арқылы алуға болады. 10. Қай жастағы балалар АӘК ала алады? Жаңа механизм бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы немесе 20 789 теңге мөлшеріндегі кепілді төлем 18 жасқа дейінгі балаларға, ал орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқыған жағдайда, білім беру ұйымын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) төленеді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Таза Қазақстан
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
16 Маусым 2026
71 0
Заң және тәртіп
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
15 Маусым 2026
116 0
Без рубрики
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
14 Маусым 2026
133 0
Жаңалықтар
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
14 Маусым 2026
187 0
Без рубрики
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
14 Маусым 2026
205 0
Жаңалықтар
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
13 Маусым 2026
156 0
Экономика
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
13 Маусым 2026
190 0
Экономика
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
11 Маусым 2026
255 0
Жаңалықтар
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
11 Маусым 2026
228 0
Искусственный интеллект
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
10 Маусым 2026
240 0
Заң және тәртіп
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
10 Маусым 2026
244 0
Экономика
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
10 Маусым 2026
251 0
Жаңалықтар
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
10 Маусым 2026
248 0
Заң және тәртіп
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
09 Маусым 2026
267 0
Экономика
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
09 Маусым 2026
301 0
Таза Қазақстан
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
08 Маусым 2026
294 0
Жаңалықтар
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды
08 Маусым 2026
320 0
Заң және тәртіп
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық өзгерістер түсіндірілді
08 Маусым 2026
326 0

Кіру
Пікір үстеу