8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Наурыз 2019 1844 0
Қалалықтар қаперіне

ЕЛІМІЗДЕ АЛТЫН БҰЙЫМДАР 6% ҚЫМБАТТАҒАН

Көктемде алтыннан жасалған әшекей бұйымдардың бағасы өткен жылғымен салыстырғанда, 5,8 пайызға қымбаттап, грамы орташа есеппен 16,3 мың теңгені құраған. Күміс бұйымдардың бағасы бір жыл ішінде 4,7%-ға қымбаттап, грамы 1500 теңгеге бағалануда.

Ірі қалалар ішінде алтын бұйымдар бәрінен де астаналықтарға қымбатқа түскен. Онда алтынның бағасы 0,6% қымбаттап, грамы 23,7 мың теңгеге саудаланған. Ал Атырауда күміс бұйымдардың грамы 2,1 мың теңгеге дейін жеткен.

Қазақстан Зергерлер лигасының төрағасы Қайсар Жұмағалиевтің айтуынша, отандық зергерлердің қазіргі жағдайы мәз емес. Өткен жылдан бері бағалы металды сатып алу кезінде ҚҚС төлеу міндеттелген, сондықтан алтынмен жұмыс істейтін шеберлер отандық зауыттарға баруды қойған, есесіне алтынды көлеңкелі нарықтан алып жатыр.

Лига төрағасының сөзіне сүйенсек, онсызда қиын кезеңді басынан өткеріп отырған отандық зергерлік саланың келешегі бұлыңғыр. Оның үстіне еліміздегі алтын нарығының 90%-ы импорт өнімдер иеленіп отыр екен.

 

BAQ.KZ.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
237 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
270 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
246 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
285 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»