ДИМАШТЫҢ КОНЦЕРТІНЕ БИЛЕТТЕРДІ ОНЛАЙН-САТЫЛЫММЕН АЛУҒА БОЛАДЫ
2019 жылдың 29 маусымында Астанада «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен өтетін Димаш Құдайбергеннің «Arnau» атты концертіне билеттер 18 наурыздан бастап, Астана уақыты бойынша 17:00-ден бастап сатыла бастайды.

Билеттерді сату бойынша бас оператор – www.zakazbiletov.kz. Сондай-ақ, билеттер www.biletiastana.kz сайтында да қолжетімді болады.
Одан басқа, билеттерді Астана қаласы бойынша: Керуен, Азия Парк, Хан Шатыр, Евразия, Керуен Сити, Мечта сауда орталықтарының, «Қазақстан» ОКЗ, Сарыарқа велотрегіндегі Газэнерджи ажс, Конгрес холл және Жастар сарайының кассаларынан сатып алуға болады.
Қазақстанның басқа қалалары мен шет елдерде билеттерді online- сатылым арқылы ғана алу мүмкіндігі бар. Қазақстан бойынша Qiwi кошелек, Kaspi Банк, Visa және Mastercard төлем карталары арқылы сатып алуға болады. Басқа елдерде билеттер тек Visa және Mastercard. төлем карталары арқылы ғана қолжетімді.
Жанкүйерлерді ескере отырып және билеттердің сатылымын бақылау мақсатында, билеттерді 2-ші кезеңде сатып алуға мүмкіндік болады. Яғни, билет сатыла бастаған соң, бірінші кезеңде билет алуға үлгере алмағандар, тең мүмкіндікті пайдаланып, 2-ші кезеңде барлық секторлардан билет ала алады.
Билетті сатып алу тәртібі:
- Секторды таңдау/ билеттің категориясы
- Түрлі-түсті орындарды басып, керек орынды таңдау. Билет 30 минут аралығында корзинада тұрады. Қалаған орынды жою үшін, таңдаған орынды қайтадан басу керек.
- «Тапсырысты рәсімдеу» тетікшесін басу.
- Тіркеуден өтіп, авторизациялану.
- Алу әдісін таңдау және төлем тәсілі.
- Көпшілік офертасының ережелері мен шарттарымен танысқан соң, белгі қою
- «Тапсырысты рәсімдеу» тетікшесін басу.
Тапсырысты толық толтырып болған соң, көрсетілген e-mail поштаңызға арнайы хат келеді. Ескерту: тапсырыс номерін есте сақтаңыз!
Егер хат келмеген жағдайда:
- e-mail дұрыс көрсетілмеген;
- Тапсырыс орындалмағанын білдіреді. (яғни, тапсырыс беру уақыты 30 минуттан асып кеткен).
Барлық сұрақтар бойынша Call орталықтарына хабарласыңыздар: +2 (727) 777 666, +7 (727) 237 8284, +7 776 544 2882
Соңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру
Пікір үстеу