САЯЖАЙ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛУДЕ
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, сонымен қатар құрылымдық және бағынысты бөлімшелерінің қызметкерлері саяжай алқаптарына және бау-бақша серіктестіктеріне су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайларды ескерту бойынша белсенді түрде рейд жұмыстарын жүргізуде.

Бүгін БҚО ТЖД бастығының орынбасары, подполковник А.Ахметжановтың басшылығымен «Береке», «Венера» және «Речник» саяжай алқаптарының ауданында кезекті рейд өткізілді. Профилактикалық жұмыстар барысында ТЖ қызметкерлері болуы мүмкін су тасқынына байланысты тұрғындарға сақтық шараларын жасау үшін теледидардағы жаңалықтарға құлақ түріп отыруды, қосымша азық-түліктерін, киім-кешектерін, жеке төлқұжаттары мен туу туралы куәліктерін жинақтап қоюды ескертті.
Саяжай серіктестігінің тұрғындары алдын ала хабарлама және кенеттен су тасқыны болған жағдайда көмекке келгенге дейін не істеу керектігі туралы және су тасқыны кезіндегі іс-әрекет ережелері жазылған жадынамалармен бірге ақпарат алды. Сонымен қатар қауіп-қатер төнген жағдайда ТЖД қызметкерлері саяжай серіктестігінің тұрғындарын дереу құлақтандыру және ақпараттандыру бойынша барлық әдіс-тәсілдерді қолданатынын жеткізді. Аталған шараға БҚО ТЖД-дан, жергілікті полиция қызметінен, еріктілерден 80 адам жұмылдырылып, 150 үй араланды.

Соңғы жаңалықтар
«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады
ТМД миссиясы Құрылтай сайлауын әділ, бәсекеге толы әрі ашық өтті деп бағалады
«ДАУЫС» коалициясы Құрылтай сайлауындағы қоғамдық байқаудың алдын ала қорытындысын жариялады
Наблюдатели в ЗКО зафиксировали высокую явку и отсутствие нарушений
Орал төріндегі тарихи таспа: «Қосшығұлов: шоколад фабрикасы» актерлері Құрылтайда дауыс берді
Оралдағы №502 сайлау учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Спорт алаңынан сайлау учаскесіне: танымал қазақстандықтар дауыс беруге қатысты
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді
Тұсаукесер, ретро және кино кейіпкерлері: Құрылтайға алғашқы сайлау күнін қазақстандықтар мерекелік көңіл-күйге ұластырып жатыр
Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған – Сердар Мутта
На выборах в Казахстане царит праздничная атмосфера – наблюдатель от Армении
«Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр»: Тәжікстаннан келген халықаралық байқаушы
Қазақстандықтар сайлауға белсенді қатысуда – ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының байқаушылары

Кіру
Пікір үстеу