ОРАЛДА БОЙЖЕТКЕН ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАМАҚ БОЛДЫ
Батысқазақстандық құтқарушылар өзіне қол жұмсамақ болған 23 жасар қызды құтқарды.

Оқиға 28 ақпан күні болған. БҚО ТЖД Жедел-құтқар жасағының бас құтқарушы-психологы Л. Әбдрахманованың мәліметінше, Ол құрбысына өмірмен қоштасқысы келетінін жазып, түн ортасында хабарлама жолдаған. Құрбысы дереу Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік қызметіне хабараласып көмек сұрайды.
Жедел шақыртуға №3 құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Нұрбек Тауашев, құтқарушылар Бекжан Айтқалиев және Болатбек Сартаев жіберілген. Алайда, оқиға орнына жеткен құтқарушылар үй есігінің іштен құлыпталғанын анықтады. Қыз бала тұрмыстық газды ашық қалдырып, өзін өлімге қимақ болған. Есікті ашқан құтқарушылар еденде ес-түссіз жатқан қызды дереу балконға шығарып, полиция қызметкерімен бірге алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
Реанимациялық әрекеттер нәтижесінде қыз бала есін жиды. Кейін құтқарылған жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Құтқарушылар пештің газын сөндіріп, жиналған газдан пәтерді және кіреберісті желдету бойынша іс-шаралар өткізді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

Кіру
Пікір үстеу