8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Ақпан 2019 1772 0
Жалын

Димаш пен Данэлия The World’s Вest шоуының ІІІ кезеңіне өтті

Қазылар алқасы қазақстандықтардың көрсеткен өнеріне жоғары баға берді.

Қазақстандық әншілер Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова америкалық The World’s Вest шоуының екінші раундында өнер көрсетті.

Данэлия Төлешова Stone Cold әнін орындады. Байқаудың бұл раундында ол жапондық скрипкашы қыз Манами Итомен сайысқа түсті. Қазылар алқасы берген бағаға сәйкес бұл кезеңде қазақстандық жеңіске жетті – 71-60.

Димаш Құдайберген де байқаудың үшінші раундына сенімді түрде өтті. Ол америкалық әнші әрі музыкант Эрик Карменнің All by Myself әнін айтты. Димаш 94 балл көрсеткішімен жеңіске жетті, ал оның қарсыласы 39 балды иеленді.

Айта кетейік, байқаудың бұл раундында Димаш Құдайбергенге италиялық әнші, Voice of Italy конкурсының жеңімпазы Кристина Скуччиа қарсылас болды.

Дереккөз: BAQ.KZ.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
241 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
272 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
248 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
287 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»