КӨЛІК САТЫП АЛУҒА БЕРІЛЕТІН СЕРТИФИКАТ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙДЫ
Ескі көліктің орнына жаңа көлік сатып алуға берілетін жеңілдік сертификатының құны 750 мың теңгеге дейін ұлғайды.

ҚР энергетика Министрлігі ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы бойынша 2019 жылға арналған квота көлемін бекетті. «ӨКМ Операторы» ЖШС-на көліктерді ақшаға және сертификат беру бағдарламасы бойынша қабылдауға биыл 50 мың квота бөлді. Соның 25 мыңы жеңілдік сертификаты бағдарламасына бөлінсе, қалған 25 мыңы ақшалай өтемақы бағдарламасына қарастырылып отыр. Сонымен қатар жүк көліктеріне берілетін сертификат құны биыл ұлғайтылды. Былтыр оның құны 450-650 мың теңге болса, осы жылдан бастап оның көлемі 550-ден 750 мың теңгеге дейін көтерілді. Ал жеңіл автокөлік сертификатының құны баяғы 315 теңге қалпында қалды.
Ескі көліктерді қабылдау бағдарламасы 20-шы ақпанынан бастап жалғасын табады.
Сертификат құны көлік құралының санатына байланысты
| Көлік құралының санаты | Сертификат саны | Сертификат құны, тг |
| Жеңіл көлік (M1 – 3,5 тоннаға дейін) | 22 200 | 315 000 |
| Жолаушылар көлігі. (M2, N1, N2 – 5 тоннаға дейін) | 1 800 | 550 000 |
| Жүк көлігі ( M3, N3 – 5 тоннадан жоғары) | 1 000 | 750 000 |
Бағдарлама талабы бойынша жоюға тапсырылатын көліктер толық жиынтықта қабылданады. Ескі техниканы өткізушіге жеңілдік сертификаты беріледі. Отандық автоөндірушіден көлік сатып алған кезде сертификат сомасы көлік бағасынан шегеріліп қалады. Жеңілдік сертификаттың құны тапсырлатын көлік құралының санатына байланысты бағаланады. Бағдарлама бойынша отандық өндірушіден кез келген санаттағы көлік құралын сертификат арқылы алуға болады. Және де автокөлік сатып алғанда 2 сертификатты біріктіру мүмкіндігі қарастырылған. Жеңілдік сертификаты атаулы және оны өзгенің атына тіркеу екі реттен артық жүргізілмейді. Сондай-ақ оны қайтарып беруге немесе қолма қол ақшаға ауыстырылмайды. Сертификат тіркелген күннен бастап 12 айға жарамды.
Жеңілдік сертификат бағдарламасы бойынша қандай көлік сатып алуға болатындығы туралы мәліметті автоөндірушілердің ресми сайтынан («БИПЭК АВТО» www.bipek.kz, www.aziaavto.kz. www.sap.com.kz, www.hyundai-hta.kz, www.daewoobus.kz, www.kamazkamaz.kz) көруге болады.
Естеріңізге саламыз, жеңілдік сертификаты бағадарламасы Қазақстанда 2017 жылдың 26 маусымында іске қосылған болатын. Осы аралықта қазақстандықтар аталған бағдарлама бойынша 20 939 көлігін сертификатқа алмастырды. Сондай-ақ, сатып алу бағдарламасы бойынша 67 052 жеңіл көлік қабылданды. Ескі көлігін тапсырған қазақстандықтарға 10 млрд. 48 млн. теңге көлемінде қаражат аударылды. Қос бағдарламаның қорытындысы бойынша «ӨКМ Операторы» 88 мыңға жуық ескі көлік қабылдады.
Айта кету керек, ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы отандық автопаркті жаңартып, экологиялық көлік құралдарының өндірісін ынталандыру және қайта өңдеу саласын дамытуға мүмкіндік береді.
ӨКМ Операторының баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру
Пікір үстеу