8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Ақпан 2019 1891 0
Қоғам

ТЕРЕКТІНІҢ КӨРМЕСІНЕ КЕЛІҢІЗДЕР

Орал қаласындаңы Қадыр Мырза Әли мәдениет және өнер орталығында қолға алынған аудандық суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі жалғасуда. Алғашқы айда Бәйтерек ауданымен басталған көрмені Теректі ауданы іліп әкетті. Бүгін салтанатты түрде көрменің ашылуы өтті.

Ашылу салтанатында орталық директорының орынбасары Н.Тасболатов көрмені жабдықтауға ұйытқы болған теректіліктерге ризашылығын білдіріп, аудан әкімдігіне орталық директоры Бауыржан Ергенұлының Алғыс хатын табыстады.

Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші, кескіндемеші Б.Оразов, Теректі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Мүтиев, ауданның «Құрметті азаматы»  М.Шынбаевтар «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасының мақаласына үн қосуға арналған бұл бастаманың оң екенін алға тартты.

Ал Теректі аудандық балалар саз мектебінің «Үлгілі» халық аспаптар оркестрі (жетекшісі «Құрмет» орденінің иегері,  «Дарын» сыйлығының лауреаты Е.Нұрымбетов) келушілердің алдында күйдің нақышын келтірсе, О.Ғаббасов, А.Қуанышқалиевалар әдемі ән салып өнерлі елдің мерейін асырды.

Көрме бір ай бойы жалғасады.

    

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
100 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
190 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
229 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
268 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
347 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»