ОРАЛДА №51 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Бұл туралы бүгін халық алдындағы есеп беру жиынында Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев хабарлады.

Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша 51 мектеп, 50 мемлекеттік және 40 жекеменшік балабақша, 30 шағын орталық және 10 мектептен тыс ұйым жұмыс істейді. Өткен жылдың өзінде Деркөлде және Зашаған кентінде жаңадан 3 мектеп ашылып, қолданысқа берілді. Қала бойынша барлық балабақшаларда 15 мың бала тәрбие алуда. 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі оқу-тәрбиемен 100 пайыз қамтылған. 2018 жылы 3500 баланы қамтитын 40 жекеменшік балабақша 674 млн. теңгені қамтитын мемлекеттік білім тапсырысына ие болды. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсуде. Мысалы, 2014 жылы аталған сомма 28 млн. теңгені құраса, соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш 25 есеге артқан. Қаланың барлық мектептері кеңжолақты интернетке қосылған. «Kundelik» электронды мектеп журналдары жүйесін барлық қала мектептері қолданып келеді. 51 қала мектебі «БІЛІМЛЭНД» порталында оның «Imektep» и «Itest» ресурстарында онлайн режимде жұмыс жасаса, қалалық 3 мектепте және оқушылар сарайында IT сыныптары ашылып, қызмет көрсетуде. Келесі оқу жылына жаңа үлгідегі IT кабинеттерді 30 мектепте орнату жоспарлануда.
Барлық қала мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнекамералар орнатылған. Ағымдағы жылы мектепке қабылдауды және шағын орталықтарға кезекке қоюды жүргізуге мүмкіндік беретін «мектептер мен шағын орталықтар қызметінің процестерін автоматтандыру» бағдарламасын қолданысқа енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Биыл Зашағандағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы аумағында №51 орта мектептің құрылысы басталады. 900 орындық мектеп осы аудандағы №10, 47 мектептердің жүктемесін азайтып, оқушыларға жайлы жағдай туғызары сөзсіз. Сонымен қатар Зашаған ауданында салынатын тағы екі мектептің ЖСҚ дайындалуда. Болашақ №52 мектеп №30 мектеп ауданында, №53 мектеп «Балауса» және «Болашақ» шағынаудандарынан бой көтереді. Бұдан бөлек Меловые горкидағы №18 мектепке қосымша құрылыс салу жоспарлануда.
Сондай-ақ қала басшысы қаланың солтүстік-шығыс бөлігінен 600 орынға есептелген эстетикалық бағыттағы гимназияның құрылысы үшін құжаттары дайындалып жатқанынын, апатты деп танылған №31, 33 мектептердің ЖСҚ құжаттары дайын екенін жеткізді.
«ЖАЙЫҚ ҮНІ»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру
Пікір үстеу