8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Ақпан 2019 4734 0
Қоғам

АУҒАН АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

      15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толады. Осыған орай БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті ауғандық интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсетіп, Астана қаласында өтетін салтанатты шараға шығарып салды.

– Бүгінгі таңда өңірімізде 737 ауған соғысының ардагері бар. Ауған жауынгерлердің бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі тәсілді игерудегі ерен еңбектері өлшеусіз. Атаулы мереке қарсаңында  Астана қаласында салтанатты шара өтеді. Соған біздің облыстан 15 ауған ардагері бара жатыр,  –деген «Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлерінің Батыс Қазақстан облыстық қоғамы»  қоғамдық бірлестігінің төрағасы Беркінғали Ғабделов Тәуелсіз елде тұрып жатқанымызға шүкіршілік етіп, бақытты күндер сыйлаған ардагерлерді құрметтеуге шақырды. Жиында ауғандық жауынгерлердің қанқұйлы соғыстағы ерлік істерін дәріптеген бейнесюжеттер көрсетіліп, жиналғандар боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Шара соңында БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Амангелді Қаленов ауғандық интернационалист-жауынгерлерге мерейтойлық медальдер табыстады.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

Қуанғали СЕЙІТҚАЛИЕВ, Ауған ардагері:

– 1978 жылы әскер қатарына алындым. Өзбекстан мемлекетінің Ферғана қаласында  десанттық әскерде борышымды өтедім. 1979 жылы Ауғанстанға жіберді. 18-19 жастағы жас жігіттер соғыстың не екенін білгенімізбен, оның мән-жайын ұғар-ұқпастан кете бардық. Талайдың тағдырын тәлкекке салған ауған соғысы он жылға созылғанын білесіздер. Мұнда қаншама жас қыршынынан қиылып, қаншасы мүгедек болып оралды. Олардың біразын көзіміз көрді. Жас сарбаздардың бір ғана міндеті болды. Бала жастан санамызға сіңірілген патриоттық тәрбие – Отан алдындағы борышын өтеу, қабылдаған антына берік болу еді. Біздің полк Баграм әуе базасын күзеттік. Екі  взвод бір палаткада тұрдық. Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толғанымен, зұлмат күндердің халықтың жүрегіне салған жарасы әлі жазылған жоқ. Қазір бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырмын.  Еліміз тыныш, бірлігіміз берік болсын деп тілеймін.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»