ТҮНГІ КЛУБТАР ҚЫЗМЕТІН ШЕКТЕУ ҰСЫНЫЛДЫ
Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты қоғамда сын көп. Елбасы Н.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында осы мәселеге басымдық беріп, құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажеттігін айтты. Елбасы тапсырмасымен Ішкі істер органдары жұмысын түбегейлі жақсартатын әлеуетті реформаны жүзеге асыру басталды. Осы орайда өңірге келген ҚР мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әбдіров пен Анар Жайылғанованың БҚО полиция департаменті қызметкерлерімен кездесуінде өңірде құқық қорғау органдарын жаңғырту туралы заңға енгізілген түзетулердің жүзеге асырылу жағдайы қозғалды.

БҚО полиция департаменті бастығы, генерал-майоры Махсудхан Аблазимовтың айтуынша, өңірдегі жедел жағдай тұрақты. Алдыңғы жылмен салыстырғанда тіркелген қылмыс саны 10 пайызға азайған. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашуда облысымыз республикада екінші орын, орташа ауырлықтағы қылмыстарды ашу жөнінен – үшінші, ауырлығы онша емес қылмыстарды ашу бойынша – бірінші орында.
Елбасының тапсырмасына орай құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту, қылмыстарды электронды тергеу жобасын жүзеге асыру үшін қажетті жабдықтар алуға облыс әкімдігі тарапынан 200 млн. теңге бөлініп, 239 компьютер мен көпфункционалды құрылғылар, 160 қосымша монитор және графикалық планшеттер, 140-тай IP бейнекамера алынған. Әр жұмыс орны ІІМ, Бас Прокуратураның және сот органдарының базасына қосулы. Яғни, департамент аталмыш жобаны жүзеге асыруға дайындықтарын алдын ала нақтылады.
Цифрландыру жұмысын жалғастыру мақсатында санкциялауды онлайн режимінде тергеуді тәжірибеге енгізу белсенді жүргізілуде. Бұған да облыс әкімдігінің қолдауы мол. 2018 жылы әкімшілік құқықбұзушылықтың бірыңғай тізілімін енгізу үшін 130 млн. теңге бөлініп, жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне 304 мобильді планшет алынған. Бүгінге дейін планшет арқылы 7000-нан аса әкімшілік хаттама электронды түрде толтырылған. Ал 808 млн. теңгеге учаскелік полиция инспекторлары мен жасөспірімдер полицейлері үшін 465 бейнежетон алынған. Департаменттің жедел басқару орталығында «112 бірыңғай диспетчерлік-кезекшілік қызметі» іске қосылады.
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, заңнама және соттық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Мәжитұлы Парламент қабылдап, Елбасы қол қойған заңдардың тиімділігін, халықтың қабылдауын анықтау және заман ағымына сай заңдарға өзгерістер енгізу үшін халықпен кездесудің маңыздылығын атап өтті.
– Елбасы өткен жылы «Бес әлеуметтік бастамасын» жариялап, одан кейін халыққа Жолдауын арнады. Оның әрқайсысында құқық қорғау органдары, соның ішінде полиция қызметкерлеріне қойылған талап жоғары. Бұл полиция қызметкерлеріне және халық сайлаған депутат ретінде бізге де жауапкершілік жүктейді. Жыл соңында құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысын реформалаудың жол картасы дайындалды. Үкімет бекіткен жол картасының бірінші тоқсаны – жағдайды зерделеуге арналмақ. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалық жұмыстар жүруде. Наурыз айында ІІМ келесі іс-әрекетті бастайтын болады, – деген Нұрлан Әбдіров өзгерістер халықтың өмір сүруіне жайлы орта қалыптастыруды мақсат ететінін атап өтті.
Жол картасы аясында департамент басшылары мен орынбасарлары Ақордада ҚР Президенті жанындағы жоғары аттестациялық комиссиядан өткізілмек. Басқармалардың басшылық құрамы ІІМ орталық аттестациялық комиссиясынан, қалған қызметкерлер жергілікті өңірлерде құрылған аттестациялық комиссиядан өтетін болады. Яғни, қызметкерлердің бәрі қайта аттестаттаудан өтіп, іріктелгендері ғана қызметін жалғастыратын болады.
Мәжіліс депутаты «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында енгізілген «Е-қылмыстық іс» жобасына тоқталып, өңірдегі қылмыстық істердің электронды түрде тергелуіне басымдық берді.
Кездесу аясында полиция қызметкерлері жұмыс барысында туындаған мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын ортаға салды. Мәселен, жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы, подполковник К.Қоспаев бұзақылық қылмыстардың басым көпшілігі таңғы уақытта болатынын және оны түнгі клубтардан мас күйде шыққандар жасайтынын алға тартып, заң шеңберінде түнгі клубтардың жұмыс кестесін қысқарту мәселесін көтерді. Департаменттің есірткімен күрес басқармасының бастығы, подполковник А.Хлевин есірткі заттарын сақтағандар үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесін қарастыруды ұсынды. Андрей Хлевиннің келтірген мәліметіне сүйенсек, заңнама бойынша қылмыстық жауапкершілік 1 келіден артық марихуана сақтағандарға ғана қаралған. Көршілес елдерде оның көлемі біршама төмен.


– Марихуананы сақтаудың көлемін өзгертудің нәтижесі болады ма деген сұрақ туындайды. Бұған дейін өздеріңіздің әріптестеріңіз осы шаманы нақтылауға қатысты ауқымды жұмыс жүргізіп, олар осы 1 келіге тоқталды. Егер біз бұл шаманы көбейтіп немесе азайтсақ, наркодилерлер үшін де қиындығы жоқ. Олар топтаманың салмағын өзгерте салады. Егер 500 грамм деп белгілесек, олар 450 граммнан тасуы мүмкін. Сондықтан өзгеріс енгізу айтарлықтай нәтиже береді деп айта алмаймыз. Ал ойын-сауық кешендерінің жұмыс уақытын шектеу азаматтардың бос уақыттарын өткізу құқын бұзумен тең. Сондықтан бұл мәселені жергілікті азаматтық қоғаммен кеңесу қажет, – деді Нұрлан Мәжитұлы.
Халық қалаулылары қойылған басқа да ұсыныс-сұрақтарды қарастыру үшін жоғары органдарға жеткізетінін мәлім етті.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру
Пікір үстеу