8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Ақпан 2019 2046 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА БИЫЛ 465 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

Биыл Батыс Қазақстан облысында 465 шақырым жол жөнделеді. Оған 27,6 млрд. теңге бағытталады. Сонымен қатар жыл ішінде жаңа және басталған жобаларды іске асыруға қосымша қаржыландыру күтулуде. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Медет Шақаев өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтып берді.  

Облыс бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6 496,3 шақырымды құрайды. 2 288 шақырым жол асфальтбетонды жабынды.

2014-2017 жылдары «Жымпиты-Қаратөбе», «Ақсай-Шыңғырлау», «Чапаев-Жаңақала-Сайқын» автожолдарының телімдерін қайта жаңғырту және күрделі жөндеу негізінде 56 мыңнан астам адам тұратын 74 елді мекендерімен үш аудан орталығы (Қаратөбе, Шыңғырлау, Жаңақала) асфальтбетонды жабындысы жолдарымен облыс орталығымен қосылды.

2018 жылы бөлінген 33,8 млрд. теңге қаражатқа 450 шақырым жол жөнделді. Бұл республикалық, жергілікті маңыздағы жолдар мен ауылішілік және Орал, Ақсай қалаларының ішкі жоолдары.

Өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде Батыс Қазақстан облысы аумағында республикалық маңызы бар «Орал-Тасқала-РФ шекарасы (Озинки бағыты)» 100 км автожолын қайта жаңғырту жобасы аяқталды. Облыстық маңызы бар «Үлкен Шаған-Переметное-Вечный» 0-32 км автожолында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл биыл аяқталады.

Ағымдағы жылы 465 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Оның ішінде республикалық маңызы бар «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов-РФ шекарасы», «Самара-Шымкент», «Орал-Атырау» және облыстық маңызы бар «Үлкен Шаған-Переметное-Вечный», «Шыңғырлау-Лубенка-Лебедевка», «Федоровка-Ақсай», «Бөрлі-Ақсай-Жымпиты», «Тасқала-Аққұрай-Болашақ-РФ шекарасы» автожолдардың телімдерінде жөндеу жұмыстарын жалғастыру көзделген..

Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарының орталықтарын облыс орталығымен байланыстыру үшін ұзындығы 245 шақырымды құрайтын автожолын күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 142 шақырымдық «Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы» автожолы, 103 шақырымдық «Өнеге-Бисен-Сайқын» автожолына жөндеу жасалады.

– Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталды және мемлекеттік сараптамаға жолданды. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін жобаларды іске асыру басталады. Жобаларды бастау үшін 2019 жылға арналған бюджет жобасында 10 млрд. теңге жоспарланған. Жалпы алғанда, 2021 жылдың соңына дейін бұл жолдарда күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр,  – деді Медет Махамбетұлы.

Сонымен қатар Орынбор қаласы бағытында автожолын қайта құру мәселесі бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күнге «Подстепный-Федоровка-РФ шекарасы 0-144 км автожолын қайта жаңғырту» жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтау жұмыстары басталған. Оны іске асырудың болжамды кезеңі 2019-2021 жылдарды қамтиды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдарының үлесі – 28,7 пайызды құраған еді. Биыл бұл көрсеткішті  30,2 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»