8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қазан 2026 47 0
Білім

Батыс өңірінің әдеби мұрасы зерделенді

Туған өлкенің сөз өнерін түгендеп, қаламгерлер шығармашылығын зерттеу – ұлттық әдебиеттің тарихын тереңірек тануға жол ашады. Осы бағыттағы ғылыми ізденістердің нәтижесі қазанның 30-ы күні Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінде көпшілік назарына ұсынылды.

Университетте филология ғылымдарының кандидаты, профессор Зейнолла Мүтиевтің «Жайық-Каспий өңірінің әдеби мұрасы: зерттеу, зерделеу, жаңғырту» атты әдеби өлкетану бағытындағы монографиялары мен хрестоматияларының ғылыми-танымдық таныстырылымы өтті. Шара барысында төрт кітаптың тұсауы кесіліп, өңір әдебиетін зерттеудің маңызы талқыланды.

Жиынды ашқан университеттің Басқарма төрағасы – ректордың міндетін атқарушы Гүлжаһан Қайсағалиева соңғы он жылда оқу орны ғалымдарының батыс өңірінің әдеби мұрасын зерттеуге айрықша үлес қосқанын атап өтті. – Университетіміздің ғалымдары соңғы он жылда еліміздің, соның ішінде батыс аймағын құрайтын төрт облыс ақын-жазушыларының шығармашылығын зерттеп, бірнеше монографиялар мен оқу бағдарламаларын жазып, әдеби хрестоматиялар құрастырды. 2018–2025 жылдар аралығында Зейнолла Жақсылықұлы Ғылым комитетінің дәстүрлі гранттық жобаларын ұтып, шәкірттерімен бірге зерттеу жұмыстарын жемісті жүргізді, – деді ол.

Төрт ғылыми еңбектің жарық көруіне Зейнолла Мүтиевпен қатар А. Ақболатов, М. Әжіғалиев, Қ. Ғалимова, М. Ешниязова, Г. Бейсенова және Ж. Мұханбетова бірлескен автор ретінде үлес қосты.

Таныстырылымда еңбектерде шығармашылығы қамтылған ақын-жазушылар, әдебиеттанушы, тарихшы ғалымдар, ұстаздар мен журналистер сөз алып, жаңа басылымдардың мазмұны мен ғылыми құндылығына тоқталды. Олар өңір қаламгерлерінің мұрасын жинақтап, жүйелеудің, оны кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңызын атап өтті.

Жайық-Каспий өңірінің әдеби шежіресін түгендеуге арналған бұл еңбектер зерттеушілер мен ұстаздар үшін ғана емес, туған өлке тарихы мен әдебиетіне қызығатын оқырмандар үшін де құнды рухани қазына болмақ.

Д.ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Толығырақ газетіміздің №45 санынан оқи аласыздар

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
256 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
285 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
261 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
297 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»