8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қаңтар 2019 1999 0
Өзек

34 ОҚУШЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ҚАУІПТІ ҚАУЫМДАСТЫҚҚА ТІРКЕЛГЕН

2018 жылдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысындағы  криминогендік жағдай қылмыстық құқық бұзушылықтың 11 пайызғатөмендеуімен сипатталады. Қылмыс саны алдыңғы жылғыдан 12 420-дан 11 105-ке дейін азайған. 2 102 қылмыстық іс электрондық форматта тіркеліп, оның 708-і сотқа жолданған.

БҚО прокурорының аға көмекшісі Бауыржан Ахметжанның мәліметінше, қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау 33 пайызға азайған. Бұл қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шараларының кең қолданылуына байланысты.

10 кәсіпкер түзеу мекемелерінде жұмыс орындарын ашып, 263 сотталған азаматты жұмыспен қамтып отр. Сотталғандар бюджетке 59 млн. теңге төледі.

Сот орындаушылармен бірлесіп, 31 млн. теңге қылмыстық айыппұл өндірілді.

Әлеуметтік-экономикалық салада 1 мыңнан астам азаматтың пайдасына 40 млн. теңгеден астам зейнетақы аударылымдары өндірілді. 34 оқушы тіркелген әлеуметтік желіде қауіпті 8 қауымдастық анықталып, жабылды. Әкімшілік істер бойынша сот актілерін қайта қарау нәтижесінде 6 млн. теңге қаражат қайтарылды.

Жоғарғы Сот пен облыс прокуратурасының бастамасы негізінде енгізілген азаматтық істер бойынша 7 кассациялық наразылық қанағаттандырылған. Анықталған бұзушылықтар бойынша 4 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Атқарушылық өндіріс бойынша қадағалау актілерімен бюджетке 123 млн. теңге өндірілді, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке 23 және 71 тұлға тартылды, 2 жеке сот орындаушы қызметін тоқтатты.

Шағымдарға ықпал ету механизмін жетілдіру нәтижесінде азаматтардың мемлекеттік органдарға өтінішпен жүгінуі 11 пайызға, прокуратура органдарына шағымдануы 20 пайызға азайды. Құқық қорғау қызметтері орталығына 1 710 азамат жүгінді, оның 1 020 прокурормен қабылданып, барлығына заңнама талаптары түсіндірілді, талап арыз толтыруға, шағым жасауға көмек көрсетілген.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»