8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қаңтар 2019 2393 0
Өзек

«ХАЛЫҚ – ҚАЗЫНА. ҚАЗЫНА ЖАЯУ ЖҮР»

ОСЫЛАЙ ДЕГЕН КРУГЛООЗЕРНЫЙЛЫҚТАР ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІНІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМДАРЫН БІЛДІРДІ.

 

Бүгін Круглоозерный ауылы әкімінің халыққа есеп беру кездесуі өтті. Кездесуге Орал қаласы әкімі М.Мұқаев қатысты. Алдымен кент әкімі К.Нұршинов өткен жылы округте атқарылған жұмыстарды баяндап,  биылғы жылы кентті өркендету мен халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыс жоспарымен таныстырды. Есептік жиынның екінші бөлімінде тұрғындар қала басшысы мен кент әкіміне сұрақтарын қойды. Кентте жасалған жұмыстар көп. Әйткенмен, бірнеше жылдан бері шешімін таппаған, тұрғындарды қажытқан мәселе – Круглоозерный кенті мен қала орталығына қатынайтын №51 бағыттағы жолаушылар көлігінің уақытылы жүрмейтіні. Кент тұрғындарының сөзінше, жұмыс күндері уақытпен жүрмейтін автобустар, демалыс, мереке күндері желіге мүлде шықпайтын көрінеді. Кешкі 21.00-ден кейін «уақытымыз аяқталды» деген желеумен орта жолдан түсіріп кететін де кездері бар. Халық ескерту айтса, жүргізушілердің «біз – жекеміз» деген жауаптары дайын. Сол себепті студенттер мен қалада жұмыс жасайтындар таксимен немесе жол-жөнекей көліктермен баратын жерлеріне жетіп қалуға тырысып жүр.

Сұрақ-жауап бөлімінде кент тұрғыны Айғали Шүкірбаев алғашқы сауалды осы мәселеден бастады. Ауылдастарының назын зейнеткер Абдуш ағай жалғап, ұзақ жылдардан бері маршруттың түйіні шешілмей келе жатқанын ашына жеткізді.

– «Халық – қазына» дейміз. Қазына жаяу жүр. Жаңа жыл мерекелерінде жүрмеді. Сенбі, жексенбі күндері де автобусты таппаймыз. Бұларды дұрыстап қадағалау керек, – дейді қария.

Ауыл азаматы Беркін Молдағалиев те маршрут мәселесін шешу – бірінші кезекте қаралса деген өтінішін білдіріп, «ПАЗиктерге» халықтың сыймайтынын да тілге тиек етті.

№51 жолаушылар көлігіне қызмет көрсететін «ПАП №1» ЖШС басшысы Саян Сәбитұлының айтуынша, Круглоозерныйға 1 бірлік «ДЭУ», 2 бірлік «ПАЗ», 1 бірлік «Газель» жүреді. Ал демалыс күндері желіге 1 автобус қана шығады.

– Әр тәртіп бұзушылыққа қатысты шара қолданылды. №51 жолаушылар көлігі бойынша жүретін автобустарда менің жеке телефон нөмірім жазылған. Шағымдарыңызбен хабарласуларыңызға болады. Жүргізушілер халықтың көбіне жол-жөнекей көліктерге мініп кететінін айтып шағымданады. Жолаушы болмаса, оларға да желіге шығу шығынға әкелері анық. Маршруттың жай-күйін жақсарту жоспарымызда бар. Өткен жылы автобус алу үшін банкке несие алу жөнінде өтініш беріп көрдік. Бірақ, қанағаттандырмады. Қазір елімізде жолаушылар тасымалдаушыларға көмек көрсету үшін  кешенді бағдарламалар енгізілуде. Биыл осы бағдарламамен жұмыстанбақпыз, – дейді серіктестік басшысы.

Қала әкімі Мұрат Рахметұлы №51 бағыттағы маршрут бойынша автобустардың санын көбейтуді және автобустарға GPS-бағыттаушы құрылғысын орнатып, бақылап отыруды тапсырды. Ал автобустарды жаңалау мақсатында субсидия жөнінен әкімдік қолдау көрсететін болады.

Айта кетейік, Круглоозерный кенті мен қала аралығына қатынайтын №51 бағыттағы маршруттың қозғалыс тәртібі жыл сайынғы есептік кездесулерде көтеріліп жүр. 2018 жылдың қазанында өткен «Ашық әкімдік» шарасында да тұрғындар қаламен қатынастың жайын қозғады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»