8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Маусым 2026 329 0
Өңір жаңалықтары

Ақсай қаласында жаңғыртылған теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, тұрғындарды маңызды инфрақұрылымдық нысанның пайдалануға берілуімен құттықтады. Аймақ басшысы жобаны сапалы әрі уақытылы жүзеге асырған мердігер компания мен құрылысшыларға алғыс айтты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес тәуелсіздік жылдары елімізде алғаш рет теміржол вокзалдарын кең ауқымды жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Өткен жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының тапсырысымен өңірдегі 4 теміржол нысанын жаңғырту басталды. Күні кеше жаңадан салынған Семиглавый Мар станциясын ашсақ, бүгін екінші бекетті пайдалануға беріп отырмыз. Бұл жұмыстар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, іскерлік белсенділікті арттыруға және туристік әлеуетін нығайтуға оң әсер етеді, – деді Нариман Төреғалиев.

90 жылдық тарихы бар «Қазақстан» вокзалын жаңғырту жұмыстары аясында ғимарат толық жаңартылып, заманауи сәулеттік келбетке ие болды. Сонымен қатар 2 перрон мен вокзал маңындағы көпір қалпына келтіріліп, инженерлік инфрақұрылым желілері жаңартылды. Айнала абаттандырылып, жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасалды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Құрылтайға кімдер өтті?
26 Тамыз 2026
3 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?
25 Тамыз 2026
91 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»