8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Маусым 2026 1139 0
Қалалықтар қаперіне

Көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Орал қаласында алдағы жылыту маусымына дайындық аясында инженерлік желілерді жаңарту шаралары қолға алынды. Бұл туралы «Жайықжылуқуат» АҚ хабарлады.

2026–2027 жылдардағы жылыту кезеңіне сапалы дайындық жүргізу мақсатында қала аумағындағы орамішілік жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Жоба аясында ұзындығы 200 метрден асатын инженерлік желі жаңартылады.

Жөндеу жұмыстары 2026 жылғы 30 маусым мен 1 қыркүйек аралығында орындалады. Осы уақыт аралығында Н. Назарбаев даңғылынан М. Жүнісов көшесіне дейінгі бөлікте көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

«Жайықжылуқуат» АҚ өкілдері тұрғындар мен қала қонақтарына аталған кезеңде қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеруді ұсынады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?
25 Тамыз 2026
86 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»