8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Шілде 2018 3364 0
Қоғам

САУАТ АШУ КУРСЫ ЖАНДАНУДА

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасы бойынша имамдарға қойылған төрт бағыттың бірі – халықтың діни білімін арттыру. Бұл мақсатта сауат ашу курстарын ұйымдастыру міндеттелген.

Осы бағыт бойынша Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы БҚО өкіл имамының бастамасымен мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді пайдалану үшін облыстық  орталық  мешітте діни сауат ашу дәрістері жүргізілуде.

Мектеп жасындағы 60-тан аса шәкірт араб тілі, ата-ананы сыйлау, ахлақ, Құран сабақтарын үйреніп, ислами тәлім-тәрбиемен сусындауда.

Дәрісті ұлдарға Орал орталық мешітінің ұстазы Ринад Акимов, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің шәкірті  Түймебай Құдайберген, ал қыздарға  аталмыш мешіттің ұстазы Гүлжамила Ахметова мен Алматы облысы Қарасай ауданы «Үшқоңыр» медресе-колледжінің шәкірттері Әлима  Рахметтолла, Дилназ Бүрпиева, Гүлназ Сәмөк, Салтанат Жанғас, Шымкент медресесінің шәкірті Диана Бердіғалиқызы жүргізуде. Қазіргі уақытта төрт топ ұйымдастырылды. Солардың ішінде ақжаулықтар аналарымыздың да ілім алып жүргені жүрекке қуаныш сыйлайды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
92 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
185 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
224 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
263 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
342 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»