8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Маусым 2026 329 0
Өңір жаңалықтары

Оралда қаланы көркейтуге бағытталған көгалдандыру жұмыстары қарқын алды

Орал қаласында тұрғындарға жайлы әрі көрікті орта қалыптастыру бағытындағы көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Биылғы жоспарға сәйкес шаһардың саябақтары, гүлзарлары, көшелері мен қоғамдық кеңістіктеріне түрлі сәндік өсімдіктер отырғызылып жатыр.

Жұмыстарды «ДокаСтройКом» ЖШС мердігер ұйымы атқаруда. Қала аумағына петуния, барқытгүл, колеус, катарантус, тагетис сияқты маусымдық гүлдермен қатар, раушан, спирея, барбарис, хоста, гейхера секілді көпжылдық сәндік өсімдіктер егілді.

Сонымен қатар жасыл желектердің күтімін жақсарту мақсатында бірқатар аумаққа автоматты суару жүйесі орнатылуда. Бұл өсімдіктердің уақытылы суарылып, ұзақ уақыт бойы сәнін сақтап тұруына мүмкіндік береді.

Қаланы көркейтуге бағытталған бұл жұмыстардың нәтижесінде Оралдың жасыл аймақтары кеңейіп, тұрғындар үшін жайлы әрі тартымды қоғамдық кеңістіктер саны арта түспек. Көгалдандыру шаралары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

 

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?
25 Тамыз 2026
83 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»