8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Маусым 2026 106 0
Құттықтаймыз!

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өткен салтанатты жиында журналистердің еңбегі лайықты бағаланып, сала үздіктері марапатталды.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев ақпарат айдынында адал еңбек етіп жүрген БАҚ өкілдерін құттықтап, олардың қоғамдағы орны мен жауапкершілігіне ерекше тоқталды.

– Сіздер қоғамдық пікірдің қалыптасуына ықпал етіп, мемлекет пен халық арасындағы алтын көпірге айналып келесіздер. Ел өміріндегі маңызды өзгерістерді халыққа дер кезінде жеткізіп, шынайы ақпарат тарату жолында аянбай еңбек етіп жүрсіздер. Кәсібиліктеріңіз бен азаматтық ұстанымдарыңыз әрдайым құрметке лайық. Баршаңызға шығармашылық табыс, толайым жетістік тілеймін, – деді аймақ басшысы.

Мерекелік шарада республикалық «QADAM MEDIA» форумына арнайы қатысқан спикерлерге құрмет көрсетіліп, ақпарат саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар журналист мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Гүлжамал Кенжеғалиеваға, «AQJAIYQ» телеарнасының бас редакторы Айгүл Логашкинаға және «ТДК-42» телеарнасының операторы Азат Сарсекеевке табысталды. Ал «AQJAIYQ» телеарнасының редакторы Лұқпан Елеу мен «Жайық Пресс» ЖШС қызметкері Нұрлан Серғазиев «Еңбек ардагері» медаліне ие болды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамоталары мен облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталып, 25 жергілікті БАҚ өкіліне 250 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы берілді. Оның ішінде қалалық «Жайық үні» газетінің ұжымы да бар.

Мерекелік жиынның ең әсерлі сәттерінің бірі – журналистерге жаңа баспананың кілтін табыстау рәсімі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлік журналистердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған тапсырмасы аясында республикалық «24KZ» телеарнасының Батыс Қазақстан облысындағы телеоператоры Болат Жарылғасов пен Батыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Әділет Орынбасаров жаңа пәтерге ие болды.

Бұл – журналистердің қоғам алдындағы еңбегіне көрсетілген құрметтің ғана емес, олардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қолдаудың көрінісі. Ақпарат саласы өкілдерінің кәсіби мерекесі осылайша шынайы құрмет пен қуанышқа толы әсерлі сәттермен есте қалды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
26 Маусым 2026
106 0
Жол / Құрылыс
Халықаралық маңызы бар жол жаңғыртылуда
25 Маусым 2026
135 0
Бәрекелді!
Саналы ұрпақ – қуатты ел
24 Маусым 2026
144 0
Без рубрики
Мемлекеттік қызметтегі меритократия
23 Маусым 2026
150 0
Тағылым
Бүгін – Әкелер күні
21 Маусым 2026
199 0
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
273 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»