Медиа мамандары республикалық форумда басқосты
Бүгін Орал қаласындағы Жастар мәдениет сарайында облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен медиа саласы мамандарының басын қосқан республикалық «QADAM MEDIA – 2026» форумы өтті.

Ақпарат кеңістігінің өзекті мәселелері талқыланған жиынға Астана, Атырау және Ақтөбе қалаларынан келген БАҚ өкілдері қатысты.
Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев жиылған қауымды Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтап, журналист мамандығының қоғамдағы айрықша рөліне тоқталды. – Бүгінгі форумға журналистер, сарапшылар, блогерлер және медиа саласының өзге де мамандары жиналып отыр. Сіздердің еңбектеріңіз қоғамның дамуы мен қоғамдық пікірдің қалыптасуына зор үлес қосады. Мемлекет басшысы атап өткендей, журналист – мәртебелі мамандық, – деді ол.
Форумның тізгінін Өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Әділет Орынбасаров ұстады. Алғашқы бөлімде өңірлік медианың бүгінгі тынысы мен даму бағыттары сөз болды. Бұл жөнінде «AQJAIYQ» телеарнасының бас директоры Клара Қамбетова, «Жайық Пресс» ЖШС-нің бас директоры Дастан Оразов және «Жайық Пресс» ЖШС-нің бас директорының орынбасары Тоқтар Кенжеғалиев баяндап, саланың жетістіктері мен өзекті мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ Журналистер одағының БҚО бойынша филалының атынан бірнеше маманға наградалар мен Құрмет грамотасы табысталды.

Форум барысында тәжірибелі мамандар өз білімдерін бөлісті. «Хабар» телеарнасының жаңалықтар қызметінің редактор-жүргізушісі, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Мөлдір Досбай журналистің тіл мәдениеті жайында мазмұнды ой қозғады. Ал «24KZ» телеарнасының Батыс Қазақстан облысындағы тілшісі, «Шапағат» медалінің иегері Альбина Құмарғалиева кәсіби жолындағы тәжірибесін әңгімеледі. Сондай-ақ журналист, диктор әрі тележүргізуші Дастан Мүрсәлім қазіргі журналистиканың жаңа бағыттары мен заманауи медиа кеңістіктегі өзгерістерді түсіндіріп, сала мамандарына пайдалы кеңестерін ұсынды.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өрбіді. Қатысушылар спикерлерге көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ризашылықтарын білдірді. Ақпараттың қадірі мен сөздің салмағы таразыланған тағылымды басқосу медиа саласы өкілдерінің кәсіби байланысын нығайтып, жаңа идеялардың бастауына жол ашты.
Дәметкен САҒЫНБАЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге қатысты жауапкершілік туралы еске салды
Әлеуметтік желілерде арандатушылық пен алауыздықты қоздыруға мүлдем жол берілмейді – Бас прокуратура
Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Батыс Қазақстан облысында «50 жаңа аула» экологиялық акциясы жалғасуда
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудағы цифрлық мониторинг
ІІМ: «Жас сақшы» сыныптарының алғашқы түлектері сертификат алып, заңға қызмет ету жолын таңдады
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Кіру