8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Маусым 2026 1648 0
Қоғам

Комплаенс-бақылау: заң мен әдеп негізі

22–24 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің комплаенс қызметкерлері мен басшыларына арналған «Квазимемлекеттік сектордағы комплаенс-бақылау: заңнамалық негіздер, әдеп стандарттары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты комплаенс мамандарының құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару тетіктерін жетілдіру, мүдделер қақтығысын реттеу мәселелерін түсіндіру және қызметтік әдеп стандарттарын сақтау мәдениетін қалыптастыру болды.

Оқу бағдарламасы барысында қатысушылар мемлекеттік қызмет заңнамасының негізгі қағидаттарын, оның квазимемлекеттік сектор қызметіне әсерін, заңдылық, ашықтық және меритократия қағидаттарын қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу, мінсіз іскерлік беделді қалыптастыру, ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету және жасанды интеллект технологияларын құқықтық шеңберде қолдану тақырыптары талқыланды.

Семинар аясында қатысушылар практикалық кейстерді қарап, комплаенс-бақылау саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Бағдарлама мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектордағы ішкі бақылау жүйелерінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға тиісті сертификаттар табысталды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?
25 Тамыз 2026
67 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»