8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Маусым 2026 93 0
Жол / Құрылыс

Халықаралық маңызы бар жол жаңғыртылуда

Батыс Қазақстан облысында халықаралық және өңіраралық қатынасты дамытуға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – «Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы» республикалық автожолын қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Жобаның жүзеге асырылу барысын облыс әкімі Нариман Төреғалиев арнайы барып көріп, мердігер ұйымдардың жұмысымен танысты.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы ұзындығы 144 шақырымды құрайтын күре жол төрт учаскеге бөлінген. Өткен жылы оның жалпы ұзындығы 72 шақырым болатын екі бөлігі толық аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Қазіргі таңда қалған екі телімде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарды «Адал арна» және «ДСК Приоритет» компаниялары жүзеге асырып жатыр.

Жобаның кейінгі екі кезеңінің жалпы құны 48 миллиард теңгені құрайды. Қажетті қаржы «ҚПО б.в.» компаниясының әлеуметтік инфрақұрылымды қолдау бағдарламасы аясында бөлінген.

Құрылыс барысында жолдың ескі негізі толықтай алынып, орнына жаңа топырақ қабаты төселуде. Бұдан кейін жолдың беріктігін қамтамасыз ететін құм мен қиыршықтас қоспасынан тұратын негіз қалыптастырылып, бірнеше қабат асфальт-бетон жамылғысы төселеді. Мамандардың айтуынша, мұндай технология жолдың сапасы мен ұзақ мерзімді пайдаланылуына мүмкіндік береді.

Бүгінде «Адал арна» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 8,5 шақырым жолға, ал «ДСК Приоритет» компаниясы 10 шақырым аумаққа асфальт төсеу жұмыстарын аяқтаған. Дегенмен мердігерлердің айтуынша, соңғы айлардағы қолайсыз ауа райы жерді көтеру және тегістеу жұмыстарының қарқынына әсер етіп отыр.

Нысандағы жұмыс барысын бағалаған облыс әкімі жол құрылысының сапасы мен мерзімінде аяқталуы басты талап екенін атап өтті.

– Бұл жол Ресей Федерациясының Орынбор облысымен арадағы көлік қатынасын жақсартып қана қоймай, екі өңір арасындағы экономикалық және сауда байланыстарын нығайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан біздің міндетіміз – жолды жай ғана салып шығу емес, оның сапасын жоғары деңгейде қамтамасыз ету. Мемлекет пен әлеуметтік серіктестер тарапынан бөлінген қаражат тиімді игеріліп, барлық жұмыстар бекітілген мерзімде аяқталуы тиіс. Жобаны қазан айына дейін толық аяқтау қажет, – деді Нариман Төреғалиев.

Аймақ басшысы мердігер ұйымдарға құрылыс алаңындағы жұмыс күшін көбейтуді, арнайы техникалардың санын арттыруды және жер төсемін дайындау жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сонымен қатар құрылыс кезеңінде пайдаланылып жатқан айналма жолдарды ретке келтіріп, тұрғындар мен көлік жүргізушілерінің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету міндетін жүктеді.

Стратегиялық маңызы бар бұл автожолдың пайдалануға берілуі өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттырып, халықаралық бағыттағы жүк және жолаушылар тасымалының тиімділігін күшейтуге ықпал етеді. Сондай-ақ жол бойындағы елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді деп күтілуде.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жол / Құрылыс
Халықаралық маңызы бар жол жаңғыртылуда
25 Маусым 2026
93 0
Бәрекелді!
Саналы ұрпақ – қуатты ел
24 Маусым 2026
114 0
Без рубрики
Мемлекеттік қызметтегі меритократия
23 Маусым 2026
116 0
Тағылым
Бүгін – Әкелер күні
21 Маусым 2026
171 0
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
245 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
312 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»