8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Маусым 2026 81 0
Білім

Дарынды жастар – ел болашағының кепілі

Орал қаласында білім мен ғылым саласында үздік нәтижелерге қол жеткізген дарынды оқушыларды қолдауға арналған тағылымды кездесу өтті. «Атамекен» өнер ордасында ұйымдастырылған «Жетістік формуласы: дарын, еңбек, білім» атты жиынға Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов қатысып, жас жеткіншектермен еркін форматта пікір алмасты.

Кездесуге халықаралық және республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобалар байқауларында жоғары нәтиже көрсеткен 30 дарынды оқушы қатысты. Сонымен қатар шараға білім ордаларының басшылары, оқушылардың жетекші ұстаздары мен ата-аналары арнайы шақырылды.

Жиындп жас таланттар өздерінің білім жолындағы жетістіктері, ғылыми ізденістері мен алдағы жоспарлары жөнінде айтып, түрлі деңгейдегі байқаулар мен олимпиадалардан алған тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ жиын аясында оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған жұмыстар, дарынды жастарды қолдау тетіктері мен олардың қоғамдағы рөлін арттыру мәселелері талқыланды.

Қала әкімі Мұрат Байменов өз сөзінде білімге ұмтылған жастардың әр жетістігі – мемлекеттің дамуына қосылған маңызды үлес екенін атап өтті. Сонымен қатар оқушылардың табысқа жету жолында бағыт-бағдар беріп келе жатқан ұстаздардың еңбегіне және балаларына жан-жақты қолдау көрсетіп жүрген ата-аналарға алғыс білдірді.

Шара соңында үздік нәтижелерімен ерекшеленген дарынды оқушылар мен олардың жетекшілеріне Орал қаласы әкімінің Алғыс хаттары мен арнайы сертификаттары табысталды. Сонымен бірге оларға бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаздар мен қолдау көрсеткен ата-аналарға құрмет көрсетілді. Бұл – жас ұрпақтың сапалы білім алып, ел болашағына қызмет ететін азамат болып қалыптасуына жасалған маңызды қолдаудың көрінісі. Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың білімге деген қызығушылығын арттырып, жаңа жетістіктерге ұмтылуға серпін беретіні анық.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
72 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
118 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
165 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
253 0
Құттықтаймыз!
Абыройға бөленген Айгүл ханым!
06 Маусым 2026
260 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»