8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Маусым 2026 459 0
Заң және тәртіп

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: саналы таңдау жолы

Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінде «Саналы ұрпақ» клубы аясында студенттерге арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: саналы таңдау жолы» тақырыбында тренинг өткізілді. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ұйымдастырды.

Тренингтің мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын дамыту, сондай-ақ заң талаптарын құрметтеуге бағытталған азаматтық ұстанымды нығайту және құқықтық сауаттылықты арттыру.

Іс-шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі қағидаттары бойынша түсіндірме беріліп, күнделікті өмірлік жағдайлар негізінде практикалық мысалдар қарастырылды. Студенттер интерактивті тапсырмалар орындап, ұсынылған кейстерді талқылау арқылы ықтимал тәуекел жағдайларын анықтау және дұрыс шешім қабылдау тәсілдерін пысықтады.

Сонымен қатар пікір алмасу форматында адалдық мәдениетін қалыптастыру, жеке жауапкершілік және заң талаптарын сақтау мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз көзқарастарын білдіріп, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын нығайтуға қатысты ұсыныстарымен бөлісті.

Іс-шара қорытындысында мұндай форматтағы тренингтер жастардың құқықтық мәдениетін жүйелі түрде арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін түсінуге және саналы азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал ететіні атап өтілді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
235 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
268 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
244 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
283 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»