8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Маусым 2026 443 0
Заң және тәртіп

Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті

Бөрлі ауданында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы М.Байсаловтың қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізілді.

Іс-шаралар аясында жастар мен білім беру саласының қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында адалдық құндылықтарын ілгерілету, құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша ақпараттық материалдар ұсынылды. Қатысушыларға қоғамда ашықтық пен заңдылық қағидаттарын нығайтудың маңыздылығы түсіндірілді. М.Байсалов көрменің профилактикалық мәніне тоқталып, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру мен адалдық құндылықтарын қалыптастырудағы мұндай форматтағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, «Бөрлі жастары» жастар қозғалысының белсенділерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы ақпараттық парақшаларды тарату және көрнекі материалдарды қоғамдық орындарға ілу бойынша акция өткізілді. Аталған бастама тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға және ақпараттандыру деңгейін арттыруға бағытталды. Департамент басшысы М.Байсалов акцияның қоғаммен тікелей жұмыс істеудегі тиімділігін атап өтіп, жастардың азаматтық белсенділігін жоғары бағалады.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер арасында «Ой мен білім алаңы» атты QUIZ зияткерлік сайысы ұйымдастырылып, қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, кәсіби білімін жетілдіруге және командалық өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Сайыс қорытындысы бойынша Департамент басшысы М.Байсалов жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттап, қатысушылардың белсенділігін атап өтіп, мұндай форматтағы іс-шаралардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттырудағы маңыздылығын ерекше белгіледі.

Өткізілген іс-шаралар Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жүйелі түрде дамытуға және қоғамның барлық санаттарын профилактикалық жұмысқа тартуға ықпал етті.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
246 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
278 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
254 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
292 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»