8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Маусым 2026 470 0
Заң және тәртіп

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық өзгерістер түсіндірілді

Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының, сондай-ақ басқармаға қарасты ұйымдардың қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық өзгерістерді түсіндіруге арналған кездесу өтті.

Кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша Департамент басшысы М.Байсалов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығы, басқармаға бағынысты ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Іс-шара аясында мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңның негізгі ережелері таныстырылып, мемлекеттік қызметке кіру және қызмет өткеру тәртібіндегі өзгерістерге түсініктеме берілді. Сонымен қатар меритократия қағидаттарын нығайту, қызметтік әдеп талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау және мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері жөніндегі өзекті мәселелер қозғалды.Кездесу барысында қатысушылар заңнама нормаларын қолдану тәжірибесіне қатысты сұрақтарын қойып, қажетті түсіндірулер алды.

Кездесу қорытындысында мемлекеттік қызмет жүйесін одан әрі жетілдірудің, заң талаптарын мүлтіксіз сақтаудың және мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»