8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Маусым 2026 39 0
Қоғам

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық өзгерістер түсіндірілді

Орал қаласында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша Департамент басшысы М.Байсаловтың қатысуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық өзгерістерді түсіндіруге арналған кездесу өтті.


Іс-шараға Орал қаласының әкімі М.Байменов, қала әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен әкім аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және олардың қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында жаңа заңнамалық нормаларды қолдану мәселелері, мемлекеттік қызмет жүйесін одан әрі жетілдіру, қызметтік әдеп талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді орындау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары кеңінен талқыланды.

Департамент басшысы М.Байсалов қатысушыларға Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының негізгі ережелерін түсіндірді. Қатысушылар мемлекеттік қызметке кіру, қызмет өткеру, мансаптық ілгерілеу тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттеріне қатысты негізгі жаңашылдықтармен танысты. Сонымен қатар, меритократия қағидаттарын нығайту және кадр саясатының тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттерін дамыту, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту және азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған тәсілдерді одан әрі жетілдіру мәселелері қаралды.

Талқылау барысында қатысушылар заңнама нормаларын тәжірибеде қолдануға қатысты өзекті сұрақтарына жауап алды.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы реформаларды дәйекті түрде іске асырудың, заңнама талаптарын сақтаудың және мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін одан әрі арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
37 отбасы қоныс тойын тойлады
05 Маусым 2026
68 0
Қоғам
Деркөл тұрғындарымен кездесті
05 Маусым 2026
87 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 150 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді
04 Маусым 2026
153 0
Қалалықтар қаперіне
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ АЛАҢЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТЕКСЕРІЛДІ
03 Маусым 2026
144 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»