Деркөл тұрғындарымен кездесті
Кеше, мамырдың 4-і күні Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов Деркөл кентінің тұрғындарымен кезекті кездесу өткізіп, елді мекеннің өзекті мәселелерін тұрғындармен бірге талқылады. Жиынға Деркөл кентінің әкімі Жұбан Жұмағалиев, құқық қорғау органдарының өкілдері, қалалық бөлім басшылары мен жауапты мамандар қатысты.

Кездесу барысында тұрғындар күнделікті өмір сапасына әсер ететін бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, қоғамдық көлік қозғалысы, жолдардың жағдайы, жаяу жүргіншілер жолдарын салу, аялдама павильондарын жаңарту, көшеттерді күтіп-баптау, бұралқы иттер мәселесі және балаларға арналған ойын алаңдарын көбейту жөнінде ұсыныстар айтылды.
Солардың бірі – Ғабит Мүсірепов көшесінің тұрғыны Жексенғалиев Молдаш қоғамдық көлік қатынасына қатысты өз пікірін білдірді.
– Таңғы 6:15-тен 10:30-ға дейін өз уақытымен жүреді. Одан кейін кешіге бастайды. Ал кешкілік уақытта қалаға барып келу тіптен қиын. Халық көп. Автобус кешіккен сайын, сыймай қалады. Сондай-ақ №9 маршуртты біздің Сарарқаға кіргізсе деген ұсынысым бар, – деген өтінішін айтты.
Қала әкімі кездесуде көтерілген әрбір мәселе назардан тыс қалмайтынын айтып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиында Деркөл кентінде жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобалар да таныстырылды. Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Ақжар көшесі бойынан жаңа тынымбақ салу және кенттің орталық саябағын абаттандыру жұмыстары қолға алынбақ.
Сонымен қатар Сарыарқа шағын ауданында тағы бір тынымбақ салу және айналма тас жолын жарықтандыру жобалары бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп жатыр.
Дәметкен ТАЛҒАТҚЫЗЫ
Толығырақ газетіміздің алдағы номерінен оқи аласыздар

Соңғы жаңалықтар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ МЕН OPENAI СЕРІКТЕСТІГІНІҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ ҰСЫНЫЛДЫ
ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДА ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМА ЕНГІЗІЛМЕК
Сарбаз – NOMAD клубының өкілі және қазақы тазы тұқымының жарқын өкілдерінің бірі
Глава государства: «Уважение к Закону и Порядку – это прежде всего, особая черта, присущая гражданам с высоким чувством ответственности»
Танымал бейнероликтің кейіпкері үш жасар Әміреге Мемлекет басшысының Алғыс хаты табыс етілді
Көктемгі әскерге шақыру: Қазақстан Қарулы күштері толық жасақталды
Орал қаласында балалар арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өтті
«Заң мен тәртіп»: Олжас Бектенов Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі штаб отырысын өткізді
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің үндеуі
БҚО-да балаларды қорғау күніне арналған ауқымды мерекелік шара өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеуі
Үкімет басшысының орынбасары гидротехникалық жүйені жаңғырту жұмысымен танысты

Кіру