«САРҚЫТТАН» ДӘМ ТАТТЫ
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» дәстүрлі акциясы аясында бүгін БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы «Сарқыт» шарасын өткізіп, белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығын паналап жатқан жандарды тамақтандырды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында берген тапсырмасы мен Қазақстан Республикасының «Қайырымдылық туралы» Заңына сәйкес елде қайырымдылықты дамытуға қолдау көрсетуде. 2015 жылдан басталған «Қайырымдылық керуені» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» Жолдауы және Жастар жылы аясында «Мейірімділікпен бірлікке!» ұранымен жалғасын табуда. Биыл ассамблеялықтар Қазақсан Республикасының мемлекеттік мерекелерін және ұлы даланың дәстүрлерін негізге ала отырып, қайырымдылық шараларының күнтізбесін жасады. Әр айда өткізілетін атаулы акциялар қайырымдылыққа мақсатты, жүйелі сипат береді. Қаңтар айы «Сарқыт» дәстүрімен айшықталмақ.
Сарқыт – тойдан, мейрамнан қалған тағамдарды әжелердің бөліп алып, үлкен кісілердің жолын, абыройын берсін деген ырыммен балаларға, келіндерге мол дастарханнан ауыз тигізу дәстүрі. Сарқыттың тәрбиелік мән зор. Бұл адал асты ысырап етпеуге, жақыныңмен бөлісуге үндейтін ұлы даланың дәстүрі.
Іс-шарада «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Медғат Қамбетов пен орынбасары Жамал Ихсанова шараның маңыздылығын түсіндіріп, мекеме қызметкерлері орталықта тұрып жатқан жандарға ыстық тамақтар ұсынды. Бұған қаладағы «Ақ сарай», «Керемет», «Айдана», «Мақсат», «Асанәлі», «Анашым» сынды мейрамханалар қолдау көрсеткен.

– Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы дәстүрлі түрде қайырымдылық шарасына белсене атсалысады. Жылына екі мәрте «Қайырымдылық керуенін» мұқтаж жандарға, мүгедектерге, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жеткізіп келеміз. Биыл респубикалық акция аясында «Сарқыт» шарасы ұйымдастырылды. Бұдан кейін де күнтізбеге сай қазақ халқынының дәстүрлеріне байланысты «Сыбаға», «Шашу», «Көрімдік», «Ерулік», «Асар» секілді акциялар өтетін болады, – деді Медғат Мұсаұлы.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры Құрманғали Байғаржановтың мәліметінше, қазір орталықта 60 азамат тұрып жатыр. Бұған қоса 40 адамның түнеуіне орын қаралған. Орталық мамандары паналаушылардың жеке төлқұжаттарын жасауға, мүгедектік туралы жәрдемақыларын рәсімдеуге көмек көрсетуде.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу