8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Маусым 2026 440 0
Өңір жаңалықтары

БҚО-да балаларды қорғау күніне арналған ауқымды мерекелік шара өтті

Бүгін Орал қаласындағы Тұңғыш Президент алаңында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Тәуелсіз елдің дарынды жастары» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға облыстың 2000-ға жуық дарынды, өнерлі, белсенді оқушы қатысты.

Шара аясында жас ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік жетістіктерін насихаттайтын арнайы көрме ұйымдастырылып, оған Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты. Аймақ басшысы көрмемен танысып, оқушылардың жетістіктеріне жоғары баға берді.

Облыс әкімі балаларды мерекемен құттықтап, олардың білім мен өнер жолындағы табыстары өңірдің ғана емес, елдің де мақтанышы екенін атап өтті.

Салтанатты жиын барысында республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары марапатталды. 90 оқушыға облыс әкімінің Алғыс хаты мен 120 мың теңгелік сертификат табысталды.

Әдемі Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
258 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
287 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
265 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
299 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»