8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Мамыр 2026 407 0
Жол / Құрылыс

«Ақтөбе–Орал–РФ шекарасы» автожолында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Ақтөбе–Орал–РФ шекарасы» автожолын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жолдың 369–408 шақырым аралығындағы орташа жөндеу барысымен танысты.

Жаңғырту жұмыстары барысында жолдың 26 шақырымы ресайклинг технологиясы арқылы нығайтылып, қайта өңделеді. Ал 39 шақырымдық бөлікке сапасы жоғары асфальтбетон жабыны төселеді. Сонымен қатар Шідерті және Өлеңті өзендері үстіндегі көпірлерде де жөндеу жүргізіліп, деформациялық жіктері жаңартылады.

Жалпы құны 6,8 млрд теңгені құрайтын жобаның жөндеу жұмыстары сәуір айында басалды. Жөндеу жұмыстарына қажетті техника мен құрылыс материалдары толық жеткізілген. Қазіргі таңда мердігер мекеме бекітілген кестеге сәйкес жұмыстарды жүргізуде. Жол сапасы жауапты қадағалаушы мекемелердің тұрақты бақылауында.

Жоспарға сәйкес, жаңартылған жол учаскесі қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Аталған жұмыстар өңірдегі көлік қатынасын жақсартып, тұрғындар мен жолаушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы қозғалыс жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»