8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Мамыр 2026 401 0
Өңір жаңалықтары

150 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

Құрбан айт – мұсылман қауымы үшін ең қасиетті мерекелердің бірі. Айт күндері жұрт бір-біріне ізгі тілектер айтып, мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, татулық пен бірліктің маңызын айшықтай түседі.


Құрбан айт мерекесінің алғашқы күнінде мешіттер мен арнайы ашық алаңдарда айт намазы оқылды. Құлшылыққа 12 мыңға жуық жамағат қатысып, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасады.

27-29 мамыр аралығында өтетін мереке күндері құрбандық шалу рәсімдері қала бойынша белгіленген үш орында ұйымдастырылды: «Ел-ырысы» базары, «Кублей» мал сою орны және «Батыс Адал-Ет» мал сою кешені.

БҚО бас имамы Самат Әлібаевтың айтуынша, алғашқы күннің өзінде 150 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілген. Сонымен қатар өңір бойынша жалпы 895 құрбандық рәсімі өткізілді.

Қасиетті Құрбан айт барша жұртқа береке мен бірлік, әр шаңыраққа амандық пен қуаныш әкелсін. Ел ішіндегі татулық нығайып, жасалған әрбір ізгі амал қабыл болғай. Айттан айтқа аман-есен жете берейік!

Әдемі БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ,
«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»