8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2026 259 0
Білім

Бүгін Оралда 3084 түлек мектеппен қоштасты

Бүгін Орал қаласындағы білім беру ұйымдарында оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау салтанаты өтті. Деркөл кентіндегі №51 жалпы орта білім беретін мектебінде ұйымдастырылған мерекелік шараға қала әкімі Мұрат Байменов қатысты.

– Бүгінгі түлектер – ел ертеңі. Сіздердің білім мен еңбек арқылы биік белестерді бағындырып, Қазақстанның дамуына үлес қосатын азамат болатыныңызға сенім мол,- деді Мұрат Болатұлы.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған білім ордасы биыл 90 оқушыны үлкен өмірге шығарып салмақ. Олардың екеуі «Алтын белгіге», үшеуі үздік аттестатқа үміткер.

Биыл Орал қаласы бойынша 11-сыныпты 3084 түлек тәмамдап отыр. Соның ішінде 114 оқушы «Алтын белгіге», 123 түлек үздік аттестатқа үміткер..

Барша түлекке ақ жол тілейміз! Мектеп қабырғасынан алған білімдеріңіз үлкен өмірде бағыт-бағдар болып, армандарыңызға жол ашсын. Алдағы сынақтардан сүрінбей өтіп, таңдаған мамандықтарыңыздың үздігі атаныңыздар. Жарқын болашаққа жасаған әр қадамдарыңыз сәттілікке толы болсын!

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
244 0
Өңір жаңалықтары
Хан тоғайындағы өрт оқшауланды
28 Шілде 2026
85 0
Өңір жаңалықтары
Хан тоғайын өрт шарпыды
27 Шілде 2026
99 0
Құрылтай-2026
Шетелде дауыс беру
27 Шілде 2026
107 0
Құрылтай-2026
«Совет да согласие – залог успеха»
26 Шілде 2026
149 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»